«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНЫҢ САНЫ 20 286 084 АДАМҒА ЖЕТТІ

2025 ЖЫЛҒЫ 1 ҚАҢТАРДАҒЫ ЖАҒДАЙ БОЙЫНША ХАЛЫҚ САНЫ 20 286 084 АДАМДЫ ҚҰРАДЫ. БҰЛ ТУРАЛЫ ҰЛТТЫҚ СТАТИСТИКА БЮРОСЫ ХАБАРЛАДЫ.

Ресми деректерге сүйенсек, қала тұрғындарының саны – 12 774 743. Ал ауылда 7 511 341 қазақстандық тұрады.

Былтырғы жыл басынан бері халық саны 252 242 адамға өсті, оның ішінде табиғи өсім есебінен — 235 078 адамға, көші-қон есебінен — 17 164 адамға. Халық санының ең жоғары өсу қарқыны Астана мен Алматы қалаларында, тиісінше 6,91% бен 2,86%, сондай-ақ Шымкент қаласында тіркелді – 2,80%, — деп ақпарат таратты Ұлттық статистика бюросы.

Республикалық маңызы бар қалалардан басқа, бір миллионнан астам халқы бар облыстардың көшін Түркістан облысы бастайды. Онда 2,1 млн халық тұрады. Ал екінші орында 1,5 млн тұрғынымен Алматы облысы, үшінші орында 1,2 млн тұрғынымен Жамбыл облысы, төртінші орында 1,1 млн тұрғынымен Қарағанды облысы тұр.

Н.ТІЛЕП

Ұқсас ақпараттар

ТЖМ ауылдық жерлерде қауіпсіздікті нығайтады

admin_mugalzhar

ИГІ ІСТЕР МАРАФОНЫ ӨТУДЕ

admin_mugalzhar

Үкімет 2026–2030 жылдарға арналған боксты дамыту тұжырымдамасын бекітті

admin_mugalzhar