«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ХУРУРГИЯ БӨЛІМІ АУЫР ОТА ЖАСАУҒА ҚАУҚАРЛЫ

Мұғалжар аудандық ауруханасының хирургия бөлімінің дәрігерлері түрлі деңгейдегі ауыр оталарды жасауға қауқарлы. Себебі бөлімдегі видеоэндоскопиялық және заманауи медициналық құралдар тінді аз мөлшерде зақымдау арқылы ота жасауға мүмкіндік береді.
Хирургия бөлімінің меңгерушісі Серік Құрантаев бүгінде бөлімде қызмет атқаратын 3 дәрігер, 5 медбике, 7 кіші медициналық қызметкер шұғыл көрсетілімдер бойынша науқастарға амбулаторлық және стационарлық хирургиялық көмек көрсететінін айтты. Ал кереуеттер саны – 29, оның ішінде 14-і травматологиялық, 7-і хирургиялық, 8-і гинекологиялық. Бөлімде дәрігерлік тәжірибесі мол, білікті мамандар қызмет атқарады. Олар — травматологтар Марат Құрантаев пен Серік Көшенов және хирургтер Әуез Қабиев пен Рамазан Аманжоловтар.
-Біздің білікті дәрігерлер лапароскопиялы, торакоскопиялық, травматологиялық ота жасайды. Өткен жылы бөлімде 182 хирургиялық, 150 гинекологиялық, 27 травматологиялық операция өтті. Сонымен бірге бауырдың құрт ауруы кезінде жасалатын лапароскопиялық эхинококкэктомия, идеалды хинококкэктомия секілді оталар да жасалады. Осындай ота 2 адамға жасалды. Бүгінде олар ем алып, қанағаттанарлық жағдайда үйіне шығарылды, — деді бөлім меңгерушісі Серік Құрантаев.

Ұқсас ақпараттар

Еліміздің екі облысында үсік жүреді

admin_mugalzhar

МАҚСАТ – ӘКЕЛЕР МӘРТЕБЕСІН КӨТЕРУ

admin_mugalzhar

ЖАҢАДАН САЙЛАНҒАН МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТАРЫ КУӘЛІК ПЕН ТӨСБЕЛГІ АЛДЫ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.