«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Қосымша құн салығы – маңызды мәселе

Мемлекет басшысының отандық бизнес өкілдерімен болған кездесуінде көтерілген қосымша құн салығы мәселесі еліміздің экономикасында маңызды рөл атқарады. Реформаларды жүзеге асырғанда, алдымен әрбір саладағы ерекшеліктер мен қажеттіліктерді ескеріп, жан-жақты сараптама жасау қажет. Президенттің бүгінгі кездесуде айтқаны — ұсынылған салық мөлшерлемелері бизнес үшін тым жоғары. Міне нағыз халық үніне құлақ асатын мемлекеттің көрінісі. Сонымен қатар президент бизнес, қоғам және сарапшылардың пікірлері міндетті түрде тыңдалуы тиіс екенін айтты. Бұл талқылаулардың нәтижесінде нақты шешімдер қабылданып, олар экономикамыздың тұрақтылығына, кәсіпкерлердің табысына ықпал етуі тиіс. Енді Үкіметке жүктелген міндет – халықтың пікірін ескере отырып, оңтайлы шешім ұсыну.

Аманкелді Шунимов, мемлекеттік қызметтің ардагері.

Ұқсас ақпараттар

«Қазгидромет» су басу қаупі жоғары өңірлерді атады

admin_mugalzhar

Оқушылар қысқы каникулда 10 күн демалады

admin_mugalzhar

Швейцария тауларында қазақи стильде Louis Vuitton бутигі ашылды

admin_mugalzhar