«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

«ҚАУІПСІЗ ЖОЛ» ІС-ШАРАСЫ ӨТКІЗІЛУДЕ

Мұғалжар ауданы көлемінде ағымдағы жылғы 18-21 ақпан аралығында «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Жедел профилактикалық іс-шарасының мақсаты – елді-мекендер мен республикалық маңызы бар тас жолдарда жүргізушілердің көлік жүргізу тәртібін арттыру, жол-көлік оқиғаларының санын азайту, сондай-ақ Жол жүрісі қағидаларын бұзудың алдын алу болып табылады.

Полиция қызметкерлері профилактика барысында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, жаяу жүргіншілер тарапынан жасалған жол қозғалысы ережелерінің сақталуына айрықша назар аударуда.

Рейд барысында көлікті мас күйде басқару, қауіпсіздік белбеуін тақпау, сондай-ақ, жол жүру кезінде ұялы телефонмен сөйлесу сияқты жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзу жағдайлары анықталса, әкімшілік хаттамалар толтырылатын болады.

Ұқсас ақпараттар

Президент АҚШ компанияларын еліміздің ауыл шаруашылығы әлеуетін барынша пайдалануға шақырды

admin_mugalzhar

Вакцинированные казахстанцы будут иметь в Ashyq зеленый статус

admin_mugalzhar

Татулық пен тұтастық тірегі

admin_mugalzhar