«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Хромтауда жел электр станциясы салынып жатыр

Хромтау ауданында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес баламалы энергетиканы дамытуға бағытталған маңызды жоба іске асырылуда, деп хабарлайды Ақтөбе облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Жобаның құны 74,2 млрд теңге, белгіленген қуаты – 150 МВт. Құрылыстың толық аяқталуы биылға жоспарланған.

Қазіргі уақытта қуаты 12,5 МВт құрайтын екі жел генераторы пайдалануға берілді, олар – Қазақстандағы ең қуатты жел қондырғыларының қатарында. Өндірілген алғашқы электр энергиясы Дөң тау-кен байыту комбинатының 35 кВ электр желісіне берілді. ЖЭС толық қуатқа шыққаннан кейін көмірқышқыл газы (CO₂) шығарындыларының жылына 500 мың тоннадан астам төмендеуі күтілуде.
Сонымен қатар, Хромтау ауданында жалпы құны 115 млрд теңгені құрайтын жел электр станцияларын салу бойынша тағы екі жоба іске асырылуда.
Бұл жобаларды жүзеге асыру өңірдің энергетикалық тұрақтылығын қамтамасыз етудегі маңызды қадам, энергияның неғұрлым экологиялық көздеріне көшуге ықпал етеді. Жел энергиясын пайдалану көміртегі қышқылын азайтып қана қоймай, жаңа жұмыс орындарын ашады, сондай-ақ Қазақстанның «жасыл» энергетикасын дамытуға үлес қоса отырып, өңір экономикасын нығайтады.

Ұқсас ақпараттар

Жаз-2025: 3,1 миллионнан астам оқушы жазда түрлі сауықтыру, демалыс және еңбек бағдарламаларымен қамтылады

admin_mugalzhar

Қазақстандықтар ЮНЕСКО-да өткен концертте өнер көрсетті

admin_mugalzhar

Қазақстаннан Еуропаға визалық режим жеңілдеуі мүмкін

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.