Кеше аудан әкімдігінде Мұғалжар аудандық мәслихатының кезекті отыз екінші сессиясы өтті.
Мәслихат төрағасы Камшат Ермағамбетовтің төрағалығымен өткен сессияға аудан әкім Дархан Ермағанбетов және мәслихат депутаттары, бөлім басшылары қатысты. Сессияның күн тәртібінде 2025-2027 жылдарға арналған Мұғалжар ауданының бюджетіне өзгерістер енгізу туралы мәселе қаралды.
Жиында мінберге көтерілген аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Ғайният Асқаров 2025 жылы ауданның жергілікті бюджеті 13 млрд 750 млн теңге болып бекітілгенін жеткізіп, өзгерістерге тоқталып өтті. Атапайтатынболсақ, Қандыағаш, Ембі қалалық және ауылдық округтеріндегі бірқатар автожолдарын жасауға, көктем мезгілінде су тасқынының алдын алуға бағытталған арықтар мен суағарларды салуға және тазалауға бюджеттен қосымша қаржы бөлу қажеттігін мәлімдеді.
Екінші болып сөз алған аудан әкімі аппаратының басшысы Рустам Ахметов ауданның дамуы жолында елеулі еңбек еткен жандарға «Мұғалжар ауданының Құрметті азаматы» атағын беру туралы ұсыныс білдірді. Олар — ұзақ уақыт ауданның баспасөз саласында еңбек еткен Қуаныш Кенжеғалиев пен ұлағатты ұстаз әрі кәсіпкер Ғалима Еламанова. Сессия соңында талқыланған ұсыныстар негізінде оң шешім қабылданды.
Н.АБАТ