«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Ақтөбе облысында жолдарды бақылау үшін дрондар қолданылады

Ақтөбе облысында полицейлер қала сыртындағы тасжолдарда дрондарды пайдаланып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz сайтына сілтеме жасаған mugalzhar.kz.

Ақтөбе облысының полициясы қала сыртындағы тасжолдарда жол апаттарының алдын алу және оларды бақылау үшін дрондарды пайдаланбақ. Бұл шара жолдардағы қауіпсіздікті арттыруға, әсіресе, жол апаты қаупі жоғары учаскелерде оқиғалардың алдын алуға бағытталған.

Дрондар көмегімен полиция қарсы жолаққа шығу және жол белгілерін кесіп өту сияқты заңбұзушылықтарды тіркей алады. Бұл заңбұзушылықтар алты айға жүргізуші куәлігінен айыру сияқты қатаң санкцияларды көздейді. Мұндай әдіс құқық бұзушылықтарға жедел әрекет етіп, жол апаттарының алдын алуға мүмкіндік береді, — деп жазылған хабарламада.

Ұқсас ақпараттар

#Тәуелсіздік30: Шілдеде республикалық конкурстар басталады

admin_mugalzhar

КӨПТЕН КҮТКЕН ҚУАНЫШ: АЩЫСАЙҒА ГАЗ КЕЛДІ

admin_mugalzhar

Екі жылдың ішінде еліміздегі 100-ден астам мәдениет ошағы жөнделеді

admin_mugalzhar