«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ОРАЗА ҰСТАУ — САУАБЫ МОЛ ҚҰЛШЫЛЫҚ

РАМАЗАН АЙЫ ҺӘМ ОРАЗА ҚАШАН БАСТАЛАДЫ?

Осы жылы қасиетті Рамазан айы 1-ші наурыздан басталады. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шариғат және пәтуа бөлімі биылғы діни күндер кестесін бекітіп, жариялады. Мұсылмандарға тақуалық нұры құйылатын бірден-бір ай — Рамазан. Бұл айда береке мол. Өйткені ораза ұстаған адам рухани тазарып, Құран мен дұғаға көбірек ден қояды. Одан қала берді істеген амалдарына іштей есеп беріп, қайырым, мейірім, сабыр сынды қасиеттері толығады. Рамазан айы 29-30 күнге созылып, Ораза айтпен аяқталады. 2025 жылы Ораза айт 30 наурызға бекітілді.

ОРАЗАҒА ДЕЙІН НЕ ІСТЕП ҮЛГЕРУ КЕРЕК?

Алдымен ниетті түзеуден бастау қажет. Барынша осы айда сауапты істі молынан істеуге ұмтылыңыз. Ол үшін өзіңізге амалдар кестесін дайындасаңыз болады. Оның ішінде тақуалығыңызды арттыратын істерге қоса, пайдалы әдеттерді де қосыңыз. Бір ай бойы тоқтаусыз істеп үйренсеңіз, дағдыға айналдыру жеңіл бола түседі. Интернеттен Рамазанда айналысуға болатын істер жазылған дайын үлгілер тауып алып, өз ыңғайыңызға бейімдеп алсаңыз болады.

ҚАЗА КҮНДЕРДІ ӨТЕУ

Былтырдан қалған қаза оразаларыңыз болса, соны міндетті түрде өтеңіз. Одан қала берді физикалық тұрғыда дайындықты да ертерек бастаған абзал. Мысалы, майлы, ащы тамақтардан бастап, кофе, газ сусындарды азайтыңыз. Өйткені бұл сіздің денсаулығыңызды нашарлатып жіберуі мүмкін. Ауырып қалып жатсаңыз, оразаны қаза қылып алуыңыз ғажап емес. Сондықтан оразаға ағзаны барынша ертерек дайындаған абзал болады. Мейлінше мол сауапқа кенелгіңіз келсе, осы айда діни білімге ден қойып, құлшылыққа бет бұрсаңыз құба-құп.

2025 ЖЫЛЫ ҚАДІР ТҮНІ ҚАЙ ТҮНГЕ ТҮСІП ТҰР?

Разаман айындағы ең маңызды түн — Ләйләтүл Қадір. Бұл күні Құран түсірілгендіктен, мұсылмандар бұл түнді ерекше күтеді. Қадір түнінде періштелер жерге түседі. Осылайша күллі жер бетіне береке тарайды. Қадір түнінің нақты қай түн екенін Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) ғана білген. Яғни оны белгілі бір күн деп нақты айта алмаймыз. Әйтсе де, Рамазан айының соңғы он күнінің ішінде делінген. 2025 жылғы діни мерекелер кестесіне сүйенсек, қадір түні наурыз айының 26-нан 27-сіне қараған түні болуы мүмкін. Хадистерде бұл түн тыныш, қатты ыстық та, салқын да емес болады деп келтіріледі.

ҚҰРБАН АЙТ ҚАШАН ТОЙЛАНАДЫ?

Биыл Құрбан айт мерекесі 6-8 маусым аралығына түсіп тұр. Ораза айтты мұсылмандар үш күн қатарынан тойлайды. Айттың алғашқы таңында барлық мешітте Айт намазы оқылады. Одан кейін осы Құрбан айт мейрамының үш күнінің бірінде жағдайы бар мұсылман құрбан шалуға тиіс. Құрбан айт мейрамы Мекке мен Мәдина қалаларында қажылық парызын өтейтін кезеңмен аяқталады.

ПІТІР САДАҚА МӨЛШЕРІ – 655 ТЕҢГЕ

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының президиумы 2025 жылғы пітір садақа мөлшерін 655 теңге деп бекітті. Бұл сома екі келі ұнның орташа бағасына негізделген. Ал підия мөлшері – бір адамның күнделікті (таңғы және кешкі) тойып ішетін асы. Оның биылғы мөлшері 3400 (үш мың төрт жүз) теңге болып бекітілді. Пітір садақаның мөлшері бидай немесе ұн және мейізден жарты сағ (2 кг), ал арпа мен құрмадан бір сағ (4 кг), яки осылардың ақшалай құны беріледі.

Пітір садақаны берудің уәжіп уақыты айттың бірінші күні. Оны Рамазан айының бірінші күнінен бастап беруге болады. Уақытында бере алмаған жағдайда айт намазынан кейін берсе де болады.

Ұқсас ақпараттар

Президент көмекшісі 6 триллион теңге қайда жұмсалғанын түсіндірді

admin_mugalzhar

ҚҰМСАЙДА ТҮЛЕКТЕР СПАРТАКИАДАСЫ ӨТТІ

admin_mugalzhar

МЕН ОРЫСША БІЛМЕЙМІН…

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.