«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

«МҰҒАЛЖАРДЫҢ» АЛҒЫСЫН АРҚАЛАҒАН, РАХМЕТ СІЗГЕ БІЛІКТІ МАМАН!

Көктемнің алғашқы күні 1 наурызда қазақстандықтар Алғыс айту күнін атап өтеді. Аталған мерейлі мерекенің тойланып келе жатқанына биыл 9 жыл толды. Бұл күннің негізгі идесы мен басты миссиясы — қиын қыстау кезеңде қазақ жерінен пана тапқан өзге ұлт өкілдерінің қазаққа деген ыстық ықыласын білдіруінде. Бүгінде бұл мерекенің аясы кеңейіп, адамдардың бір-бірімен достық, туыстық, жағымды қарым-қатынас орнатуына мүмкіндік беріп, жүрегіне түйген ізгі лебізін білдіретін жылы мерекеге айналды. Мерейлі мереке қарсаңында «Мұғалжар» газетінің кішкентай оқырмандары һәм болашақ журналистері қазіргі уақытта әр салада елеулі қызмет атқарып жүрген білікті мамандарға барып, мерекемен құттықтап, ауданымыздың дамуы жолында жасап жатқан еңбектері үшін зор алғыстарын білдірді.

Ұзақ жыл аудандық тарихиөлкетану музейін басқарып, ауданның тарихын түгендеу жолында қажырлы еңбек етіп жүрген Шамшат Әбдірзақты Қандыағаш қалалық №4 орта мектебінің 6-сынып оқушысы Інжу Жаңаберген Алғыс айту күнімен құттықтап: «Тарихтан сыр шертер құнды жәдігерлерді сақтап, оны болашақ ұрпаққа, яғни, бізге жеткізіп жүрген ерен еңбегіңіз ешқашан елеусіз қалмайды. Біз Сізге ризамыз!» — деп жылы лебізін айтты.

«Коммуналшы» мекемесінде ұзақ жыл еңбек етіп, ауданның коммуналдық саласына елеулі үлес қосып жүрген Людмила Ловцова да мереке қарсаңында зор алғысқа бөленді. Оны құттықтаған Ақұлпан Майлыбай: «Қыстың күні қырауда үйімізде жылудың үздіксіз болуы – Сіздердің арқаларыңыз! Біз сіздерге қала тұрғындары атынан алғысымызды білдіреміз!» — деп ризашылығын жеткізді.

Аудандық аурухананың жұқпалы аурулар бөлімінде ұзақ жыл меңгерушілік қызмет атқарып, науқастарды емдеп, елдің алғысын ар қалап жүрген дәрігер Загифа Аватаеваға «жас мұғалжарлық» Нұриман Сауаддин: «Ақ халатты абзал жан! Сіздің денсаулық сақтау саласында жасап жатқан еңбегіңіз үшін мың алғыс!» — деп рақмет айтты.

Ақпанның ақтүтек боранында қолынан күрегін тастамай, қала жолдарын қардан тазалап жүрген еңбек адамдарының еңбег іөлшеусіз. «Мұғалжарлық» жас тілші Айдария Ізбасқан еңбек адамы Бауыржан Қожахметовке «Елеулі еңбегіңіз үшін мың алғыс! Мереке күні құтты болсын!» — деп барша «мұғалжарлықтар» атынан алғысын жаудырды.

Өткен жылы «Қандыағаш-Ақтөбе» бағытында қоғамдық көліктің жүріп, жол қатынасының реттелуі барша қандыағаштықтарды қуантқаны белгілі. Алғыс айту күнінде «мұғалжарлықтар» осы сала мамандарын да ұмытпады. «ҚалаТранс» мекемесінің автобус жүргізушісі Жеңіс Сүйіновке болашақ журналист Шахкерім Абай: «Жолдағы жолаушы үшін жауапкершілік алып жүрген Сізге әр жолаушыңызбен бірге біз де алғыс айтамыз!» — деп ыстық лебізін білдірді.

«Мұғалжар» газетінің алғысын Қандыағаш қаласының мамандандырылған балалар-жасөс пірімдер спорт мектебінде қызмет атқаратын бапкер, Ауған соғысының ардагері Әли Алтыбай да арқалады. Ұзақ жыл осы салада еңбек етіп, оқушыларды спортқа баулыған бапкерге Мадина Жаркенова: «Сіз спортты өзіңізге серік етіп қана қоймай, ауданның атын шығарып, көк туымызды әлем елдерінде желбірететін чемпиондар тәрбиелеп келесіз! Біз сізге ризамыз!» — деген ізгі ниетін білдірді.

Алғысқа бөленгендердің қатарынан теміржол саласында ұзақ жыл еңбек етіп, жолда жүрген жолаушылардың діттеген жеріне аман жетуіне үлес қосып жүрген теміржолшы Қуандық Байниязовта табылды. Оған «жас мұғалжарлық» Нұртас Бекболат ризашылығын айтып, «Теміржолшы аға! Сіздің еңбегіңіз елеулі! Қиынжұмыста қайсарлықпен еңбек етіп жүрген Сізге рақмет айтамыз!» — деді.

Аудандық төтенше жағдайлар бөлімінде қызмет ететін құтқарушы Мейрамбек Самратта «жас мұғалжарлықтардың» алғысына бөленді. Күннің ыстықсуығына қарамай еңбек етіп жүрген Самратқа Қандыағаш қалалық №4 орта мектебінде оқитын Айгерім Таирова: «Өзге жанның өмірі үшін отқа да, суға да түсуге дайын құтқарушы ағаға айтар алғысымыз шек сіз!» — деп ыстық ықыласын жеткізді.

Сүйкімді балақайлардың дәмді ас ішіп, қарындарының тоқ жүруіне үлесін қосып жүрген «Күншуақ» балабақшасының аспазшысы Жанар Қамзағалиеваға бүлдіршін Айша Мейрамбек: «Дәмді тамақ пісіріп, тәтті бәліш ұсынатын аспазшы апай, біз сізді жақсы көреміз және еңбегіңізге бас иеміз!» — деп былдыр тілімен құрметін көрсетті.

Қоғамда туындаған мәселелерді азаматтармен бірлесе шешіп, тұрғындармен барынша тығыз қарым-қатынас орнатуды алдыңғы орынға қоятын тәртіп сақшысы, полиция аға лейтенанты Ғалымжан Құдайбергенге «жас мұғалжарлық» Досымжан Нұралы өз ал ғысын жаудырып, «Қоғамдық тәртіпті қадағалап, біздің қауіпсіздікті күзетіп жүргендеріңіз үшін рақмет!» — деп ықылас сыйлығын ұсынды.

Қандыағаш қалалық №4 орта мектебінде 10 жылдан астам мұғалім болып қызмет атқаратын Айгерім Ағайдароваға оқушысы Айдария Сәлімжан өз алғысын білдіріп, «Сіз бізді білім нәрімен сусындатып, ағартушылық жолында еңбек етіп келесіз. Сізге мың алғыс, Ұстазым!» — деп ризашылығын білдірді.

Нұрғаным КЕСІКҚҰЛ,
Зайырбек ЕСЕНЖОЛОВ

Ұқсас ақпараттар

Балалардың игілігі – мемлекеттің басым міндеті: Қазақстан халқының үштен бірін балалар құрайды

admin_mugalzhar

ҚАНДЫАҒАШТЫҚ ҚЫЗДАРДА ҚОЛА ЖҮЛДЕ

admin_mugalzhar

Шалғай аудандарды интернетпен қамтуға британдық One Web компаниясы атсалысады

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.