«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ҒАНИ ЖЕҢІМПАЗ АТАНДЫ

Қасиетті Рамазан айының құрметіне 1-2 наурыз күндері Ақтөбе қаласында джиу-джитсу NO-GI-ден ұйымдастырылған “RAMADAN OPEN CUP” ашық турнирінде №3 Қандыағаш қалалық мектеп-гимназияның оқушысы Ғани Қажымұрат 56 кг салмақта жеңімпаз атанды.
Ғанимен бірге “GRAPPLING KANDYAGASH“ клубында жаттығу жасайтын досы Абылай Қуанышбаев 62 кг салмақта қола жүлдеге ие болды.
Бұл жеңіс Ғанидің алғашқы жеңісі емес, бұған дейін де спортшы жасөспірім облыстық чемпионаттардың, Республикалық турнирлерге қатысып, жеңімпаз атанып жүр.
Айта кетейік, жеңімпазды Берік Шотаев жаттықтырады.

Ұқсас ақпараттар

Ақтөбе облысының жылу беру маусымына дайындығы 92%-ке жетті

admin_mugalzhar

Мемлекет басшысы: «Елімізде қажырлы еңбегінің арқасында нағыз еңбек адамы атанған азаматтар өте көп»

admin_mugalzhar

МЕНІҢ РЕСПУБЛИКАМА – 25 ТҮП ЖАСЫЛ СЫЙ

admin_mugalzhar