Ембі мәдени орталығының ұжымы алғаш рет “Жырау шәй” бағдарламасын ұйымдастыруда.
Әр апта сайын өтетін бұл шараның мақсаты — қазақтың қасиетті қара домбырасын ұстаған өнерлі балаларға терме айтуды үйретіп, жыр жаттатқызу.
Бағдарламаның алғашқы аптасында ұйымдастырылған «Текті сөздің төресі — терме» атты жыр сағатының ашылуына Ембі қалалық мәдени орталығында тәрбиеленетін терме үйірмесінің оқушылары қатысып, барша қазаққа белгілі ақын-жыраулардың жырлары мен термелерін жатқа айтып, көрермендердің қошаметіне бөленді.
Ал екінші аптада ұйымдастырылған “Жырау шәй” бағдарламасына оқушылармен қоса ата-аналар қатысты. Оқушылар бұл шарада орындалған әр шығарманың тарихымен, авторымен танысып, үйренген әндеріне талдау жасап, бір-бірінен шабыт алды.
Ұйымдастырушылар алдағы уақытта апталықты қазақтың салт-дәстүрлеріне арналған жырлардан шашу шашып, оларды насихаттауды жоспарлап отыр.
Алдыңғы
Келесі