«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

БІРЛІК АУЫЛЫНДА ФЕЛЬДШЕРЛІК-АКУШЕРЛІК ПУНКТ АШЫЛДЫ

Мұғалжар ауданы Құмжарған ауылдық округіне қарасты Бірлік ауылында фельдшерлік-акушерлік пункт пайдалануға берілді. Медициналық мекеменің құрылысы 2024 жылдың шілде айында басталды.

Ғимараттың ашылу салтанатына Мұғалжар ауданының әкімі Дархан Ермағанбетов, Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Мұратжан Кажгалиев қатысып. Ауыл тұрғындарын қуаныштарымен құттықтады.

Жаңа пункттің ашылуы — тек медициналық қызмет көрсету ғана емес, сонымен қатар ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуына да оң әсер ететін ерекше оқиға болды.
Медициналық пункт 20 келушіге арналған. Заман талабына сай құрал-жабдықтармен жабдықталған. Фельдшерлік-акушерлік пункт «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында салынды.

Ғимараттың құрылыс жұмыстарын «Техно-С» ЖШС-і жүргізді.
Бірлік ауылында бүгінде 168 тұрғын үйде 853 адам тұрады.

Ұқсас ақпараттар

Президент: Жемқорлықтан аулақ болуды балалардың құлағына жастайынан құйған жөн

admin_mugalzhar

Атырауда Ұлттық құрылтайдың үшінші жиыны басталды

admin_mugalzhar

Жеңілдетілген автокредит келесі аптада басталады

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.