«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

БОКСТАН АШЫҚ БІРІНШІЛІК БАСТАЛДЫ

Қандыағаш қаласының мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде бокстан 2011-2012, 2013-2014 ж.т. жасөспірімдер арасында Ә.Молдағұлованың 100 жылдығына арналған Қандыағаш қаласының МБЖСМ ашық біріншілігі басталды.

Біріншілікке Қостанай облысының Наурызым ауданынан, Атырау облысы Истай ауданынан, Түркістан облысынан, Ақтөбе, Ақсай қалаларынан, Әйтеке би, Темір, Қарғалы, Қобда, Шалқар, Хромтау аудандарынан және Қандыағаш қаласынан 300-ге жуық жас боксшылар қатысуда.

Біріншіліктің ашылу салтанатына аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Сәуле Хамзина, Қандыағаш қаласының мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Талғат Жуманбетов қатысты.

Төрт күнге созылатын біріншіліктің қорытындысы бойынша жеңімпаз бен жүлдегер атанған боксшылар медальдармен және дипломдармен марапатталады.

Ұқсас ақпараттар

Мемлекет басшысы референдум өткiзу туралы Жарлыққа қол қойды

admin_mugalzhar

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен құттықтауы

admin_mugalzhar

Қазақстанда алдағы күндері 33 градусқа дейін аяз болады

admin_mugalzhar