«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Зейнетақы жинағын пайдаланғысы келетіндерге жағымды жаңалық

Қаражатты мақсатты пайдалану әлі де екі бағытты қамтып отыр. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ақмәди Сарбасов айтты, — — деп хабарлады turkystan.kz.сайтына сілтеме жасаған mugalzhar.kz.

Ол Мәжілістегі жиыннан кейін журналистердің бірқатар сауалына жауап берген. Вице-министрдің сөзінше, қазақстандықтарға зейнетақы қорында жиналған қаржыны шешіп алуға тыйым салу жоспары жоқ.

Зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын алу механизмі бірнеше жыл бұрын Мемлекет басшысының тапсырмасымен енгізілді және қазір күшінде. Бүгінде ол екі бағытты қамтиды – тұрғын үй жағдайын жақсарту және емделу үшін пайдалану. Зейнетақы жинақтарының негізгі мақсаты – қартайған шақта табысты алмастыратын тиісті коэффициентпен қамтамасыз ету. Сондықтан, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы (БЖЗҚ) қаражатты тиімді инвестициялау және ынтымақты әрі базалық зейнетақы төлемдерінің тиімділігін арттыруға бағытталған параметрлік өзгерістер енгізу шаралары қабылданып жатыр, – деді ол.

Сонымен қатар, Ақмәди Сарбасов бұған дейін туындаған қаражатты мақсатты пайдалану, емдеуге жұмсалатын шығындар мәселесімен Денсаулық сақтау министрлігі айналысып жатқанын жеткізді.

Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда, алайда белгіленген параметрлер аясында ешқандай шектеулер енгізу жоспарда жоқ, – деп нақтылады Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі.

Ұқсас ақпараттар

Қобда ауылында су тасқынынан зардап шеккендерге салынып жатқан үйлердің құрылысы аяқталуға жақын

admin_mugalzhar

«КӨҢІЛДІ МӘРЕ» САЙЫСЫ ӨТТІ

admin_mugalzhar

ХАТИКОНЫҢ КҮЙІН КЕШІП КЕЛЕМІЗ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.