«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Президент киік санын реттеу мәселесін қайта зерделеуді тапсырды

БУРАБАЙ. KAZINFORM – Елімізде ілбістер санын көбейту қолға алынады. Ұлттық құрылтайдың V отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев осындай тапсырма берді.

– Біз Балқаш көлінің айналасында Тұран жолбарысының популяциясын қалпына келтіруге кірістік. Бұл – шаруашылық қызметке байланысты шешуге тура келетін көптеген мәселемен қатар жүретін күрделі міндет.

Келесі кезекте ілбістерді сақтап, оның санын көбейтуіміз керек, – деді Мемлекет басшысы.

Сондай-а, Қасым-Жомарт Тоқаев киік санын реттеуге қатысты пайымын айтты.

– Кеше жұмыс секциясы кезінде «Ауыл» партиясының өкілдері киіктер туралы мәселе көтергенін білемін. Аймақтардан да осыған қатысты өтініштер-хаттар келіп жатыр. Рұқсатсыз аң аулағандарға жазаны күшейту үшін менің бастамаммен 2019 жылы заңнамалық шаралар қабылданды. Осы және басқа да жан-жақты шаралардың арқасында еліміздегі киік саны күрт артты. Қазір оларға жойылып кету қаупі төніп тұрған жоқ.

Бірақ, енді, басқа мәселе туындады. Ауыл шаруашылығы зардап шегіп жатыр. Эпизоотиялық ахуалдың да күрделеніп кету қаупі бар. Жалпы экожүйеге түсетін салмақ артты. Үкіметке білікті мамандарды жұмылдыра отырып, осы мәселені жан-жақты зерделеуді және байыпты шешім қабылдауды тапсырамын, – деді Президент.

Айта кету керек, құрылтайдың панельдік сессиялары кеше басталған. Ол секциялардың тақырыптары азаматтық қоғам, мәдениет, өнер, руханият, білім және ғылым, әлеуметтік-экономикалық даму мәселелерін қамтыды.

Ұқсас ақпараттар

АДАМ САУДАСЫНА ҚАРСЫ ҚАДАМ

admin_mugalzhar

Қазақстандық оқушылар робототехникадан үш дүркін әлем чемпионы атанды

admin_mugalzhar

ҚЫЗ ҮШІН ӘКЕНІҢ ОРНЫ ТЫМ БӨЛЕК

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.