«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

КОЛЛЕДЖ СТУДЕНТТЕРІ ӨНДІРІС ОРНЫНАН ТӘЖІРИБЕДЕН ӨТЕДІ

Аудан әкімдігі Ақтөбе мыс компаниясының бас директоры Фарит Суфьяновпен келіссөздер жүргізді.
Нәтижесінде Ембі қаласында орналасқан Ембі қызмет көрсету саласы колледжінің дәнекерлеуші (сварщик) және электромеханикалық өндіріс (электромеханическое производство) мамандықтарында оқып жатқан студенттері Ақтөбе мыс компаниясының жұмыстарын көру үшін өндіріс орнына экскурсияға барып, карьер, руда өндіру орындары, көлік жөндейтін шеберхана, АБК (административный бытовой комплекс), басқада жұмыстарымен танысады.

Студенттер өз тараптарынан қызығушылық танытқаннан кейін 2-3 ай өндірістік тәжірибеден өтетін болады. Өндірістік тәжірибеден өткен студенттер жұмыс жасауға ынталанып, ниеттерін білдірген жағдайда Ақтөбе мыс компаниясына тұрақты жұмысқа орналасуға мүмкіндік алады.
Аталмыш өндіріс орны келіссөз негізінде Ембі қызмет көрсету саласы колледжіне курстық, дипломдық, методикалық бағыттарда көмек көрсетуге дайын екендіктерін жеткізді.

Ұқсас ақпараттар

ЖАҢА ҮЙЛЕР БИІК ЖЕРДЕ САЛЫНУДА

admin_mugalzhar

ҚАШЫҚТАН ОҚЫТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮЙЕЛІ ЖАЛҒАСУДА

admin_mugalzhar

АУЫЛҒА ЖАРЫҚ ШАМДАРЫ ОРНАТЫЛДЫ

admin_mugalzhar