«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Президент: «Таза Қазақстан» – әр адамның күнделікті дағдысы, өмір салты болуы қажет

БУРАБАЙ. KAZINFORM – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бурабайда өтіп жатқан Ұлттық құрылтайдың IV отырысында «Таза Қазақстан» бастамасы туралы айтты.

− Тазалық мәселесі әрдайым назарда болуға тиіс. Былтырдан бері елімізде «Таза Қазақстан» акциясы жүріп жатыр. Бастамаға азаматтар жаппай қолдау білдірді. Акция жалпыұлттық сипатқа ие болды. Күн жылынып келеді, енді жұрт сенбілікке шығып, айналасын тазалайды. Бұл – өте дұрыс. Мен бұған дейін де айттым, «Таза Қазақстан» – жай науқан емес. Бұл әр адамның және барша халықтың күнделікті дағдысы, өмір салты болуы қажет, − деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Айта кетейік, Президент бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» экологиялық науқанына былтыр 2,4 миллион адам қатысып, 2,5 миллион көшет отырғызылды.

Премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет отырысында «Таза Қазақстан» экологиялық бастамасы тиімділігін көрсеткенін айтты.

Сондай-ақ, елімізде 2024-2029 жылдарға арналған «Таза Қазақстан» экологиялық мәдениетін дамыту тұжырымдамасы бекітіледі.

Ұқсас ақпараттар

Семей мен Жезқазған облыс орталықтары болады

admin_mugalzhar

Ішімдіктен бас тарту – халықтың саналы таңдауы және ол өзінің нәтижесін беріп отыр

admin_mugalzhar

ҚАЙТАЛАМА ҚЫЛМЫСТЫҢ АЛДЫН АЛУ – МАҢЫЗДЫ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.