«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

АУДАН ӘКІМІНІҢ КЕЗДЕСУІ ҚАРАКӨЛДЕ ӨТТІ

Аудан әкімі және Қ.Жұбанов ауылдық округінің әкімі жарты жылдықта атқарылған жұмыстар туралы 608 тұрғыны, 115 үйі бар Қаракөл ауылында есеп берді.
Өткен жылы Қаракөл ауылын газбен қамтамасыз ету мақсатында жеткізуші және ауылішілік газ жүйесін жүргізі жұмыстары басталған болатын. Мердігер “АқтобеНефтеГазСтрой” ЖШС. Аталмыш жұмыстар жақын арада толық аяқталады. Қазіргі таңда “Іскер маман” мекемесі газ жүйесін үйлерге кіргізу жұмыстарын жүргізуде.

Сәуір айында өткен Қаракөл ауылының тұрғындарымен кездесу барысында тұрғындар тарапынан Жұрын-Қаракөл тас жолының нашарлығы туралы айтылды. Бұл жолды күрделі жөндеуден өткізу үшін облыс әкімінің тапсырмасымен жобалық-сметалық құжаттама дайындалды. Қаржының көлемі үлкен болуына байланысты 30 шақырымдық жол екі учаскеге бөлінді (0-15, 15-30). Биыл көктемде үш рет конкурс өткізіліп, “САБ-ДорСервис” ЖШС жеңімпаз атанды. Қазіргі таңда мердігер мекеме арнайы техникаларын алып келіп, жолды қыру және қиыршық тасты тасу жұмыстарын жүргізуде. Тоғыз жерге су өткіш құбырлары салынады. Тиімді жұмыс атқару үшін жөндеу жұмыстары екі жақтан басталып, 5 шақырымнан асфальттау жоспарлануда.

Аудан әкімдігі мердігер мекемені Мұғалжар ауылында орналасқан қиыршық тас шығаратын зауыттармен байланыстырып, қиыршық тасты өз бағасына сатып алуға көмек көрсетті. Мұғалжар ауылынан қиыршық тасты тасу тиімділігін арттыру үшін Ізімбет арқылы далалық жолмен тасымалданатын болады. Білім сапасын арттыру мақсатында Қаракөл ауылының орта мектебі химия және физика кабинеттерімен қамтылды.

Ауыл шаруашылық саласын дамыту мақсатында екі шаруа қожалығына мемлекеттік бағдарлама аясында құдық қазылып, қазу жұмыстарына кеткен қаражаттың 50% субсидияланды . Сонымен қатар, шөп шабу және малды азықпен қамтамасыз ету үшін төрт шаруа қожалығы трактор сатып алса, тағы төрт шаруа қожалығы шөп шабу агрегатын сатып алды.

Кәсіпкерлік негіздерін оқып, жеке кәсіп ашу мақстаныда “Бастау-Бизнес” мемлекеттік бағдарламасы аясында Қаракөл ауылының екі тұрғыны арнайы оқу курсын аяқтап, бизнес-жоспарын қорғау жұмыстарын жүргізу үшін тиісті құжаттарын тапсырды.
Қаракөл ауылының 6 көшесін асфальттау мақсатында жобалар дайындалып, құжаттары аудандық тұрғын үй, коммуналдық шаруашылығы және автомобильді жолдар бөліміне тапсырылды.

Өткен жылы Қ.Жұбанов ауылдық округіне мал жайылымын кеңейту мақсатында жалпы 6 448 га босалқы жер қосылды, соның ішінде 1 429 га Қаракөл ауылына тиесілі.
Кездесу барысында тұрғындар тарапынан жайылымдық және шабындық жерлер бойынша сұрақтар қойылып, аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы І.Ешниязов тиісті жауаптарды берді. Кездесуден кейін аудан әкімі жеке қабылдау өткізді.

Ұқсас ақпараттар

БИЗНЕС БАСТАУ ЖОЛДАРЫН ТҮСІНДІРДІ

admin_mugalzhar

Нұрзат ҚАЙЫРМАҒАМБЕТОВ, Жастар ресурстық орталығының басшысы: АТА-АНАМЫЗДЫҢ АҚЫЛЫ — БІРІНШІ ОРЫНДА

admin_mugalzhar

Ақтөбеде ІТ-парк ашылып, креативті индустрияны дамыту жұмыстары күшейтілмек

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.