«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

БІЛІМ ОШАҒЫНДАҒЫ НАУРЫЗ ТОЙ

Бүгінде еліміздің түпкір-түпкірінде Наурыз мейрамы тойлануда. Жақсылықтың жаршысы болған Наурыз мейрамы Қандыағаш қалалық №4 орта мектебінде де кең көлемде аталып өтті. «Қош келдің, Наурыз» атты мерекелік шара мектеп кең көлемде аталып өтті.
Мектеп ауласына тігілген алты қанатты ақшаңқан киіз үй мен салтанаты жарасқан сахна маңына жиналған қауымның қарасы көп болды. Мәдени шараның шымылдығы Абыз ана мен ақ жаулықты әжелердің ақжарма тілектерімен ашылды. Көктемнің келгенімен, мерекенің басталғанын сүйіншілеген жаршылар, шашу шашқан аналар мерекенің сәнін кетірді. Ал Қыдыр ата мен балалардың театрландырылған қойылымы көптің көңілінен шықты.


Ұлттық құндылықтар насихатталған шараға аудандық білім бөлімінің басшысы Бахраман Аманжол қатысып, Наурыз мерекесі еңбек пен іскерліктің, ыждағаттылық пен ынтымақтың, бауырмалдық пен достықтың алтын арқауын екенін атап өтіп, «Наурыз — қыстың көбесі сөгіліп, тіршілік атаулыға жан бітіп, жасарып, жаңаратын, табиғаттың көгеріп, көктейтін шағы. Ежелден жаңа мен жақсының, мейірім мен имандылықтың, жаңару мен жасампаздықтың бастауы, ырыс пен берекенің арқауы болған әз-Наурыз қажырлы еңбектеріңізге толағай табыстар әкелсін! Еліміз тыныш, еліміз аман болып, арайлап атқан әрбір таң шат көңіл, бақыт және береке сыйласын, — деп изгі тілегін білдірді. Сондай-ақ мектептің дамуына қосқан үлес қосып, білім саласында еңбек етіп жүрген Раушан Булековаға, Сайлаугүл Бекеноваға, Балдырған Байзақоваға, Камшат Жамантаеваға өз атынан Алғыс хатын табыстады.
Мерекелік жиын барысында мектеп жанынан құрылған «Асыл дария» ансамблі күмбірлеген күй тартса, мектеп оқушылары ән мен жырдан шашу шашты.
Наурыз тойына келген қонақтар киіз үйге ішіне жайылған дастарқаннан ауыз тиіп, Наурыз көжеден дәм татты. Шара соңы «арқан тарту», «асық ату», «қазақ күресі», «гір көтеру» секілді ұлттық ойындарға ұласты.

Ұқсас ақпараттар

АУДАН МЕДИЦИНАСЫНА ӨЛШЕУСІЗ ҮЛЕС ҚОСҚАН ЖАН

admin_mugalzhar

#Тәуелсіздік30: Шілдеде республикалық конкурстар басталады

admin_mugalzhar

ҚАЙЫҢДЫЛЫҚ МЕКЕМЕЛЕР АРАСЫНДА САЙЫС ӨТКІЗІЛДІ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.