“Теміржолшылар кәсіподағына 120 жыл” және «Әскерилендірілген теміржол күзетіне» еңбегі сіңген Әбдімұрат Сартабановтың зейнеткерлікке шығуына байланысты “Әскерилендірілген теміржол күзеті” ЖШС-і Актөбе филиалы басшылығы мен кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен спартакиада өтті.
Спартикиада шағын футбол, гір көтеру, арқан тартыс, қол күрес сайыстары ұйымдастырылды.
Бұқаралық дене шынықтыруды насихаттау, салауатты өмір салтын дамыту мақсатында ұйымдастырылған ойынға барлығы 10 команда қатысты.
Олар — Ақтөбе, Қандыағаш, Шалқар, Жем, Никельтау, Илецк қалаларынан және Темір, Әйтеке би аудандарынан Жедел әрекет тобы және филиалдың әкімшілік- басқару командалары.
Спорт додасының ашылу салтанатында «ӘТЖК «ЖШС Ақтөбе филиалының директоры Сарыбай Жаңғалиұлы, филиалдың кәсіподак төрағасы Әділхан Мұсаұлы сөз сөйлеп, Әбдімұрат Сартабановты құрметті демалысқа шығуымен құттықтады.
Ойын қызықты және тартысты түрде өтті. Ойыншылар сайыс барысында доп алып жүру техникасы, нәтижелі пас беру, қақпаға допты тура бағыттау жағынан көзге түсе білді.
Жарыстың нәтижесі бойынша жалпы командалық есепте І орынды Қандыағаш атқыштар командасы, ІІ орынды Шалқар атқыштар командасы, ІІІ орынды Ақтөбе атқыштар командасы иеленді.
Ал футболдан «Үздік қорғаушы» аталымына Жем атқыштар командасының күзетшісі Арман Байжанов, «Үздік шабуылшы» аталымына Шалқар атқыштар командасының күзетшісі — Нұрбол Мекенов, «Үздік қақпашы» аталымына Қандыағаш атқыштар командасының табельшісі Нуриден Жоламанов ие болды.
Жарыс жеңімпаздарына І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдар мен кубоктар табысталды.