«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Биыл 9 мыңнан астам адамға кәсіп бастауға қайтарымсыз грант беріледі

Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған қайтарымсыз грант халықтың әлеуметтік осал топ санатын қолдауға бағытталған. Оған қатысу үшін өтінім 2 лек бойынша қабылданады.

Қазіргі уақытта бірінші лек аясында 11,5 мың адам өтінім берген. Нәтижесінде 4 мыңнан астам адам кәсіп бастауға мүмкіндік алған. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Асқар Биахметов айтты.

«Гранттар жұмыссыз мәртебесіндегі немесе 3 жылдан аз жеке кәсіпкер ретінде тіркелген жағдайда беріледі. Қаражат құрал-саймандарды, жабдықтарды, жануарларды сатып алуға, үй-жайларды жалға алуға және бизнес жобаларды жүзеге асыруға байланысты басқа да қажеттіліктерге жұмсалады», — деді Асқар Биахметов.

Айта кетейік, берілетін қаражат мөлшері мөлшері — 400 АЕК.

📺@qazaqstantv

Ұқсас ақпараттар

ҚАЙТАРЫМСЫЗ ГРАНТҚА ӨТІНІМ БЕРУ БАСТАЛАДЫ

admin_mugalzhar

АҚТӨБЕДЕ СУ ТАСҚЫНЫНАН ЗАРДАП ШЕККЕНДЕРГЕ КӨМЕК КӨРСЕТЕТІН ҚОР ҚҰРЫЛДЫ

admin_mugalzhar

Алдағы күндері жел күшейіп, бұршақ жауады

admin_mugalzhar