Ақтөбе облысында бір мезгілде жеті вокзал жөнделеді. Бұл жөнінде өңірге барған Көлік вице-министрі Сәтжан Аблалиев айтты.
Жұмыс келесі аптада басталуы тиіс. Оның біреуі Ақтөбе қаласындағы вокзал болса, қалғаны аудандарда. Жауаптылар жөндеу кезінде жолаушылар тасымалына барынша кедергі келтірмеуге тырысамыз деп отыр. Тұрғындармен кездесу барысында вице-министр 2030 жылға дейін вагондардың 80 пайызын жаңарту көзделіп отырғанын жеткізді.
Автомобиль жолдарына қатысты да жағымды жаңалықтар бар. Қандыағаш-Шалқар тас жолы жөнделеді. Ал төрт жолақты Ақтөбе – Ұлғайсын жолы 2029 жылы қолданысқа берілуі тиіс. Бұл нысанның құрылысында жаңа ереже қолданылады. Яғни, мердігер мекеме жобалау жұмыстарын өзі жүргізіп, пайдалануға берілгеннен кейін жеті жыл бойы күтіп ұстауды мойнына алады.
Сәтжан Аблалиев, ҚР Көлік вице-министрі:
Жаңа механизм. Бұл дегеніңіз жолдың сапасын, салу уақытын жылдамдату, сапалы салу, оны күтіп ұстау үшін жасалып отырған механизмнің бірі. Осы Ақтөбе облысындағы және Түркістан облысындағы Сарыағаш айналма жолында бірінші рет қолданылатын механизм.
@emergovkz / t.me / insta / fb / tiktok