«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Пойыз билеттерін сату ережелері өзгерді

Енді билеттер келесі тәртіппен сатылады:
Жолаушылар пойыздарына – пойыздың жөнелтілуіне кемінде 45 тәулік бұрын, және жөнелтуге 10 минут қалғанға дейін сатып алуға болады (бұрын – 45 тәуліктен 1 тәулікке дейін). Ұйымдастырылған жолаушылар топтарына бұл шектеу қолданылмайды.

Қала маңындағы пойыздарға – 10 тәуліктен бастап, пойыз жөнелтуге 10 минут қалғанға дейін (бұрын – 10 тәуліктен 1 тәулікке дейін).

Билеттер жөнелтуден 45 тәулік бұрын Астана уақытымен таңғы 7:00-де, сатыла бастайды.

Жолаушы бір купенің 4 орнына дейін билет сатып алуына рұқсат етіледі.

Бұл өзгерістер ҚР Көлік министрінің міндетін атқарушының 2025 жылғы 11 сәуірдегі бұйрығымен енгізілді.

Ұқсас ақпараттар

Үкімет Президент тапсырмасына сәйкес «Қазақстан балалары» бірыңғай тұжырымдамасын бекітті

admin_mugalzhar

МҰҒАЛЖАР: 2022 ЖЫЛЫ НЕ ІСТЕЛДІ?

admin_mugalzhar

БАТПАҚКӨЛ: ЖЕМ ЖАҒАСЫНДАҒЫ ЕЛ ЖАЙЫНДА

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.