«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

«ТЕРМОЖАҢҒЫРТУ ҚАШАН?» — ЖАСТЫҚ ШАҒЫН АУДАНЫ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ ЖАНАЙҚАЙЫ

Газетіміздің Instagram парақшасына келіп түсетін хаттардың дені — тұрғындар көтерген мәселелер. Соның бірі — Қандыағаш қаласындағы Жастық шағын ауданының 49 «Б» үйінің тұрғындарының жанайқайы. Олардың айтуынша, бұл мәселе бірнеше жылдан бері шешімін таппай келеді.

ТҰРҒЫНДАР НЕ ДЕЙДІ?

-Үйіміз ескі, жертөледен шығатын иіс үйіміздің ішіне дейін жетеді. Ал төбемізден су ағады. Жыл сайын үйімізге өзіміз жөндеу жұмыстарын жүргізіп шаршадық. Тағы бір мәселе, аулаға балалар ойын алаңы керек. Айналамыздағы үйлерде де алаң жоқ. Балаларға обал, ойнайтын жер таппай, сенделіп жүргені… Сонымен қатар қоқыс мәселесі де өзекті. Үйдің алдына қойылған контейнерге бірнеше үйдің қалдығы жиналады. Оны иттер шашып тастайды. Бұл жөнінде де талай рет жергілікті әкімдікке бардық, бірақ әлі күнге дейін нәтиже болмай отыр. Осы көтерген мәселелер туралы нақты жауап берілсе екен, — дейді тұрғындар.

ӘКІМ НЕ ДЕЙДІ?

Қандыағаш қаласының әкімі Қазбек АҚҚАЙЫР бұл мәселемен толық таныс екенін айтты:

Бұл мәселені тұрғындар бірнеше жылдан бері көтеріп келеді. Біз де өз тарапымыздан жоғарыда аталған мәселелерді шешуге жұмыстанудамыз. Осы жақында ғана сол үйдің тұрғындарымен кездесу өткіздік. Менің сол кездегі жауабым да, қазір де айтатыным бір. «Жастық» мөлтек ауданындағы 49 «Б» үйі терможаңғырту жүргізілетін үйлердің тізімінде тұр. Құжаттары дайын, сараптамадан өтті. Қазіргі таңда қаржы бөлінуін күтіп отырмыз. Қаражат бөлінсе, ең алдымен осы үйдің жөндеу жұмыстары басталады. Ал абаттандыру мәселесіне келер болсақ, бұл жобада қарастырылмаған. Себебі кезекте тұрған басқа үйлер де бар, олардың да құжаттары дайын. Қоқыс контейнері мен ит мәселесі де назарда. Мердігер компания арқылы бұл мәселе де шешілетін болады, — деді әкім.

Егер сіздің де мекеніңізде шешілмей жүрген мәселе болса, 8 707 8388346 нөмірі арқылы бізге жазыңыз. Сіздің үніңіз елеусіз қалмайды!

Ұқсас ақпараттар

ӘКЕМНІҢ ҚАЙЫС ҚАМШЫСЫ ТӨРІМДЕ ІЛУЛІ ТҰР

admin_mugalzhar

АУДАН ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

admin_mugalzhar

«ДИПЛОММЕН — АУЫЛҒА»: НЕСИЕ «ОТБАСЫ БАНК» АРҚЫЛЫ ӨТЕЛЕДІ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.