«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

САҒА АУЫЛЫНДА WORKOUT АЛАҢЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Батпақкөл ауылдық округіне қарасты Саға ауылында тұрғындардың спортқа деген қызығушылығын арттыру және салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында жаңа Workout (жаттығу) алаңы салынды.

Жаңа спорт нысаны Саға жалпы білім беретін орта мектебінің алдында орналасқан. Ашық аспан астындағы бұл спорт алаңы жастар мен ересектердің бос уақытын тиімді өткізуіне және салауатты өмір салтын қалыптастыруына мүмкіндік береді.

Жаңа спорт алаңы тұрғындардың сұранысын ескере отырып, жергілікті әкімдіктің қолдауымен жүзеге асырылды. Алдағы уақытта мұнда қоғамдық спорттық іс-шаралар мен жарыстар өткізу жоспарлануда.

Ұқсас ақпараттар

АУДАН ӘКІМІ МЕРЕЙТОЙ ИЕСІН ҚҰТТЫҚТАДЫ

admin_mugalzhar

Ұлттық спорт түрлеріне қызығушылықты арттыру мақсатымыз орындалды

admin_mugalzhar

Ұлттық волонтерлік желі жаңа Конституция жобасын қолдайтынын білдірді

admin_mugalzhar