«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

КОММУНАЛДЫҚ САЛА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

Коммуналдық қызметкерлердің кәсіби мерекесіне орай аудан әкімі Дархан Ермағанбетов сала мамандарымен арнайы кездесу өткізіп, олардың қоғамдағы маңызды рөлін атап өтті.
Салтанатты жиын барысында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосып жүрген бірқатар қызметкерлерге Алғыс хаттар табысталды. Марапатталғандар қатарында — техник-контролер Жангүл Көшер, кадр инспекторы Гүлбану Көшкінбаева, еңбекті қорғау инженері Мирхан Еламан, өндірістік техникалық бөлімінің басшысы Жанара Тлешева, сумен қамтамасыз ету қызметінің басшысы Орынбасар Есенгужин, электрослесарь Данияр Сарсенбаев, жүргізуші Ермек Мырзағалеев, техник-контролер Назерке Бақытжанова, жөндеуші слесарь Сұлтанкерей Жәнібеков және дәнекерлеуші Мұратбай Назарбаев бар.
Аудан басшысы өз сөзінде коммуналдық қызметтің үздіксіз әрі тиімді жұмысы – тұрғындар өмірінің сапасын арттыруға ықпал ететін басты фактор екенін атап өтті. Жиын соңында ол сала мамандарына зор денсаулық, қажырлы еңбек және табыс тіледі.

Ұқсас ақпараттар

№4 ҚАНДЫҒАШ ҚАЛАЛЫҚ МЕКТЕБІ ОБЛЫСТА ҮЗДІК АТАНДЫ

admin_mugalzhar

ОКҚ жанында Жалған ақпаратқа қарсы күрес жөніндегі орталық іске қосылды

admin_mugalzhar

2023 жылы нәрестелерге қойылған ең танымал 10 есім анықталды

admin_mugalzhar