«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ «ҚАЗАҚ ТІЛІ» ҚОҒАМЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ САЙЛАНДЫ

Аудан әкімдігінде аудан әкімінің орынбасары Әкімжан Есенамановтың төрағалығымен Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы Мұғалжар аудандық филиалының төрағасын қайта сайлау бойынша жиналыс өтті.

Жиналысқа Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы Ақтөбе облыстық ұйымының төрағасы Р.Рахиев қатысты.

Жиын барысында Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы Мұғалжар аудандық филиалының төрайымы Қ.Жұбанышева 2024 жылы атқарған жұмыстары бойынша есебін берді.

Жиында сөз алған Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы Ақтөбе облыстық ұйымының төрағасы Р.Рахиев Тәуелсіздігіміздің тірегі – қазақ тілінің мәртебесін көтеру бағытында облыс көлемінде атқарылған жұмыстар және алдағы міндеттер жайлы кеңінен баяндап берді.

Жиын барысында аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қ.Байсұлтанов, еңбек ардагері А.Елубаева мемлекеттік тіліміздің құндылықтары жайлы сөз қозғап, осы кезге дейін филиал тарапынан жасалып келе жатқан жұмыстарға жоғары бағаларын бере отырып, көңілге қонымды тұстарына ерекше тоқталып өтті.

Жиын соңында Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы Мұғалжар аудандық филиалының төрағасы болыпСағашилі жалпы білім беретін орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Әділбек Батырбек сайланды.

Ұқсас ақпараттар

БІЛІМ САЛАСЫ: ӨЗГЕРІСТЕР БІЗГЕ НЕ БЕРЕДІ?

admin_mugalzhar

ҚАНДЫАҒАШТА БЕЛСЕНДІ ҰЗАҚ ӨМІР СҮРУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

admin_mugalzhar

Жыл басынан бері 69,8 млн тонна көмір өндірілді

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.