«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ҚТЖ тағы бір бағыт бойынша әйелдер вагонын іске қосады

«Жолаушылар тасымалы» АҚ 1 маусымнан бастап №614/613 «Орал–Маңғыстау» бағытындағы пойыз құрамында әйелдер вагонын іске қосады. Осылайша, жаңа вагонның қосылуымен «Әйелдер вагоны» қызметі көрсетілетін бағыттардың жалпы саны 12-ге жетеді.

Қазіргі уақытта әйелдер вагондары келесі бағыттарда жүреді:

  •  №77/78 «Алматы – Маңғыстау»;
  •  №351/352 «Алматы – Маңғыстау»;
  •  №45/46 «Павлодар – Түркістан»;
  •  №37/38 «Маңғыстау – Семей»;
  •  №47/48 «Атырау – Астана»;
  •  №33/34 «Ақтөбе – Алматы»;
  •  №4/3 «Астана – Алматы»;
  •  №71/72 «Астана – Шымкент»;
  •  №354/353 «Астана – Семей»;
  •  №24/23 «Ақтөбе – Алматы»;
  •  №25/26 «Алматы – Шымкент»;
  •  №614/613 «Орал – Маңғыстау».

Әйелдер вагонында билеттер тек әйел жолаушыларға сатылады, ал қызмет көрсету міндетін арнайы дайындықтан өткен әйел жолсеріктер орындайды. Сонымен қатар, бұл вагонда жеті жасқа дейінгі ұл балалардың бірге жүруіне рұқсат берілген.

Әйелдер вагонына билеттерді вокзалдағы кассалардан сатып алуға болады. Бұл кезде касса қызметкеріне әйелдер вагонынан орын таңдағыңыз келетінін алдын ала айту қажет. Сондай-ақ билеттерді bilet.railways.kz ресми сайтынан онлайн сатып алуға мүмкіндік бар. Онлайн рәсімдеу кезінде билеттің әйелдер вагонына тиесілі екенін білдіретін «ӘВ» (әйелдер вагоны) белгісіне назар аудару керек.

Ұқсас ақпараттар

299 МҰҒАЛЖАРЛЫҚ ҮЙЛЕРІНДЕ ДАУЫС БЕРДІ

admin_mugalzhar

Президент Самарқандтағы «Мәңгілік қала» кешеніне барды

admin_mugalzhar

Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясын шақырды

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.