«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ЖЕҢІСТІҢ РУХЫ БИІК, ДАҢҚЫ МӘҢГІ

Қаракөл ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай тарихи кеш өткізілді. «Жеңістің рухы биік, даңқы мәңгі» атты бұл шара майдан даласында ерлікпен қаза тапқан батырларды еске алып, жас ұрпаққа бейбітшіліктің маңызын ұғындыру мақсатында ұйымдастырылды.
Шараға А.Жұбанов атындағы жалпы білім беретін орта мектептің оқушылары қатысты. Тарихи кешті кітапханашы Жансая Талдыкова жүргізіп, қатысушыларға соғыс жылдарының маңызы мен жауынгерлердің ерлігі туралы әсерлі әңгімелер ұсынды.
Кеш барысында оқушылардың тарихи санасын қалыптастырып, патриоттық рухын оятуға бағытталған мазмұнды бөлімдер қамтылды. Сондай-ақ шара аясында арнайы кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеде соғыс тақырыбында деректі шығармалар мен батырлар жайлы өмірбаяндық кітаптар қойылып, оқушылар олармен қызығушылықпен танысты.

Ұқсас ақпараттар

202 МҰҒАЛЖАРЛЫҚ ҮЙЛЕРІНДЕ ДАУЫС БЕРДІ

admin_mugalzhar

ҚОЛ ДОБЫНАН ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

admin_mugalzhar

Қазақстанда медициналық сақтандыру қоры есебінен емдеу тәртібіне өзгеріс енгізіледі

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.