«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

НАЗЕРКЕ ӘЛЕМ ЖӘНЕ ЕУРОПА ЧЕМПИОНАТЫНА ЖОЛДАМА АЛДЫ

ЕМБІЛІК ТАЭКВОНДОШЫЛАР ТАРАЗ ҚАЛАСЫНДА ӨТКЕН КАДЕТТЕР МЕН ЕРЕСЕКТЕР АРАСЫНДА ITF ТАЭКВОНДОДАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЧЕМПИОНАТҚА ҚАТЫСЫП, ЖЕҢІМПАЗДАР ТҰҒЫРЫНАН КӨРІНІП, ЖҮЛДЕЛІ ОРЫНДАРМЕН ОРАЛДЫ.

Аталған жарысқа еліміздің барлық өңірлерінен, соның ішінде Ақтөбе облысынан 340-тан астам таэквондошы қатысты. Жарыс нәтижесі бойынша бағы мен бабы қатар шапқан спортшылар арасында Назерке Майханова І орынды иеленіп, чемпион атанды. Ол өткен жылы да республика чемпионатының жүлдегері атанған болатын. Ал Әмір Әбубәкіров пен Еркеназ Сабитова ІІІ орындарды жеңіп алды. Қазақстан чемпионатының қорытындысы бойынша ел құрамасына Назерке Майханова қабылданып, Амстердамдағы әлем чемпионатына, сондай-ақ Болгарияда өтетін Еуропа чемпионатына жолдама алды. Назеркенің жеңіс тұғырынан көрініп, спортта жетістікке жетуіне жаттықтырушысы Медет Құрманғалиевтің қосып жүрген үлесі зор.
Н.ТІЛЕП

Ұқсас ақпараттар

ЖАННҰР — АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ КҮМІС ЖҮЛДЕГЕРІ

admin_mugalzhar

2022 жылдың шілде айына арналған жұлдыз жорамал

admin_mugalzhar

«Харакет» қорының тағы бір қайырлы ісі

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.