Аудан орталығы Қандыағаш қаласындағы үш көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Қала әкімі Қазбек Аққайырдың айтуынша, жөндеу жұмыстары жүргізілетін көшелердің ескі асфальт жабындылары қырылуда.
Орташа жөндеу жұмыстары жүргізілетін Н.Байғанин, Ж.Жабаев және А.Қалиев көшелерін жөндеуге қала бюджетінен 341 млн-нан астам қаржы бөлініп, мемлекеттіксатыпалупорталында хабарландыру жарияланып, жеңімпаз анықталған. Бұл аталған көшелердің құрылыс жұмыстарын «TaF Company» ЖШС-і жүргізеді.
—Бүгінде қала аумағындағы жолдардың сапасы сын көтермейтіні рас. Осы олқылықтарды түзету үшін бюджеттен қаржы бөліп, жөндеу жұмыстарын жүргізудемін. Айталық, ұзындығы 1,7 шақырым болатын Н.Байғанин көшесін жөндеуге бюджеттен 136 млн 367 мың теңге бөлінді. Ал қала тұрғындары үшін маңызды саналатын ұзындығы 1,884 шақырымды құрайтын Ж.Жабаев көшесінің автомобиль жолдарынорташажөндеу үшін148 млн 990 мың теңге, ұзындығы 681 метр А.Қалиев көшесіне 56 млн 178 теңге қарастырылуда. Көктем мезгілі жаңбырлы болуына байланысты жөндеу жұмыстары кешіктірілген еді. Себебі жолдың сапалы жасалуы — өте маңызды. Мердігер мекемеге көше жолдарын толық жөн-деуге екі ай көлемінде уақыт беріліп отыр. Жол салу сапасын қатаң бақылауда ұстаймыз, — деді Қазбек Аққайыр.
Қала әкімінің сөзінше, автомобильжолдарынжөндеубарысында көктем мезгілінде су басудың алдын алу мақсатында үш көшенің бойындағы 11 су өткізгіш құбырлары ауыстырылып, 10 құбыр жаңадан салынып, жалпы саны 49 жол белгілері қойылады.