«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Министр Ұлттық қор табысынан балаларға ақша қалай аударылатынын түсіндірді

Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Президенттің «Ұлттық қор – балаларға» бастамасын жүзеге асыру мақсатында Үкімет Ұлттық банкпен бірігіп бағдарламаны іске қосу тетіктерін әзірлеп жатыр. 18 жасқа толмаған барлық балаға жеке жинақтаушы есепшот ашылатын болады. 2024 жылдан бастап жыл сайын балалардың есепшоттарына қаражат аударылады. Шотқа қаржы аудару жылына бір рет келесі жылдың 1 қаңтарына дейін 18 жасқа толмайтын балалардың санын есепке ала отырып, барлығына тең мөлшерде жүзеге асырылады, — деп түсіндірді ведомство басшысы.

Айтуынша, қазіргі уақытта қосымша есептеулер жүргізілуде.

Бүгінгі таңда қосымша есептеулер жасалып, пысықталып жатыр, — деді Әлібек Қуантыров.

Еске сала кетейік, бұған дейін министр елімізде сән-салтанат салығының қандай мүліктерге салынатынына тоқталған болатын. Белгілі болғандай, Сән-салтанат нысандары – белгілі бір жоғары құнға, кейде тіпті, инвестициялық құнға ие нысандар. Олардың бағасына байланысты градация жүргізіледі.

baq.kz

 

 

Ұқсас ақпараттар

Кеңестік мультфильмдер қазақ тілінде көрсетіледі

admin_mugalzhar

СЕНАТ ДЕПУТАТЫ ҚҰРЫЛЫС НЫСАНДАРЫН АРАЛАДЫ

admin_mugalzhar

Мемлекет басшысы қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.