«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

АУДАНДА ӘКІМДЕР САЙЛАУЫ ӨТУДЕ

Бүгін, 18 мамыр күні Мұғалжар ауданына қарасты Жем қаласы мен Қайыңды ауылдық округінде төрт жылдық өкілеттік мерзімі аяқталған әкімдер сайлауы өтіп жатыр.
Сайлау учаскелерінде сайлаушылардың белсенді қатысуы күтілуде. Әкімдікке барлығы 7 үміткер бақ сынауда.
Қайыңды ауылдық округі аумағында екі сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр. Оның бірі №347 сайлау учаскесінде 376 сайлаушы тіркелген. Ал №348 сайлау учаскесі Алтынды ауылында орналасқан, мұнда 271 сайлаушы бар.


№347 сайлау учаскесінің төрағасы Әлібек Кәңілдиновтың айтуынша, учаске таңғы сағат 7-де ашылды. Сайлау орташа қарқынмен өтуде. Қазіргі таңда 59 адам дауыс беріп үлгерген. Алғашқылардың бірі болып өз таңдауын жасаған ауыл тұрғыны — Бағдат Шарафиев.
№348 сайлау учаскесінде қазіргі уақытқа дейін 56 адам дауыс берді.
Еске сала кетейік, Қайыңды ауылдық округі әкімі қызметіне үш үміткер түсті, олар — Азамат Жиенбай, Жандос Көлбаев және Назгүл Жұмаева.

Ұқсас ақпараттар

АУДАН ӨНЕРПАЗДАРЫ АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫНА КОНЦЕРТТІК БАҒДАРЛАМАСЫН ҰСЫНДЫ

admin_mugalzhar

Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығына орай арнайы безендірілген пойыз жолға шықты

admin_mugalzhar

МҰҒАЛЖАР ҰМЫТПАЙДЫ АЙМҰРАТЫН…

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.