Аудандық мәдениет үйінде аудан мәдениетінің дамуына өзіндік үлес қосып жүрген әнші, мәдениет қызметкері Мира Байсеңгірованың шығармашылығына арналған «Ән қанатында» атты өнер кеші өтті.
Мәдениет қызметкерлері күніне орай ұйымдастырылған бұл кеш көрермендерге рухани байлық пен ән-сазға толы әсерлі сәттер сыйлады.
Кешті ҚР мәдениет саласының үздігі, композитор, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі Орал-Қосай Байсеңгір жүргізді.
Шара басында Мира Байсеңгірованың шығармашылық жолы мен өмірі туралы деректі фильм көрсетіліп, сахна төрінде «Дала сазы» ұлт-аспаптар ансамблі және «Томирис» би ұжымы өнер көрсетті.
Кеште Мира Бурабайқызының орындауында
«Ән бастау», «Қызымын елдің бақытын тапқан өнерден», «Жан әке», «Текті қазақ», «Жауқазын жыр», «Жүрегімде жүрсің сен» және тағы басқа бірнеше туындылар орындалып, көрерменнің ықыласына бөленді.
Сондай-ақ кеште ҚР еңбек сіңірген мәдениет қайраткерлері Дулат–Рита Айтжановтар, ҚР мәдениет саласының үздігі Даража Қоспағамбетова, әнші, сазгер Нұржанат Сейітімова, ақын, ұстаз Мейіз Көмекбаева, дәстүрлі әнші Жайнагүл Есентұрлина мен өнер жанашыры Нұргүл Тілегенова қонақ болып, өз өнерлерін тарту етті.