«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ХАЛЫҚҚА ПАЙДАЛЫ БОЛУДЫ МАҚСАТ ЕТКЕН ИЛЯШ

БІЗДІҢ КЕЙІПКЕР ИЛЯШ НИЯЗОВАНЫҢ ӨМІРЛІК ҰСТАНЫМЫ – СӨЗБЕН ЕМЕС, ІСПЕН ДӘЛЕЛДЕУ ЖӘНЕ ХАЛЫҚПЕН БАЙЛАНЫСТЫ ҮЗБЕУ. СОДАН БОЛАР, ОЛ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ ЕКІ ШАҚЫРЫЛЫМЫНДА ДЕПУТАТ БОЛЫП САЙЛАНЫП, ХАЛЫҚТЫҢ МҰҢ-МҰҚТАЖЫН БИЛІККЕ ЖЕТКІЗІП, ҚОҒАМДЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРДІҢ БЕЛ ОРТАСЫНДА ЖҮРІП, САЙЛАУШЫЛАРЫНА ПАЙДАЛЫ БОЛУДЫ ӨМІРЛІК МҰРАТЫ САНАЙДЫ.

«Ер жігіт туған жеріне» деген мақал әйел заты болса да, Иляш Еркінқызына қаратып айтылғандай. Себебі ол өзінің барлық жастық шағын туған ауылы Қайыңдыға арнап, еліне қызмет етіп, ауылдастарымен бірге өсіп, тәжірибе жинап, білікті маман болып қалыптасты. Оған дәлел – арман қуып ауылдан ары асса да, жоғары оқу орнын бітіріп, білімді маман болса да, туған жерге қайта оралып, алғаш еңбек жолын өзі оқыған мектебінде бастауы. Оның ұстаздық жолы 1989 жылы өз ауылы Қайыңдыда басталды. Сол жерде оқушыларды білім нәрімен сусындатып, өзі де тәжірибе жинады. Көп ұзамай мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары болып тағайындалып, ұзақ уақыт табаны ажырамай қызмет атқарды. Осы жылдары балаларға тәрбие мен білім беріп қана қоймай, қазақ тілінде оқу-әдістемелік электрондық оқулықтар дайындап, сол кездегі білім беру саласындағыақсаптұрғанқазақтілімәселесіне мән беріп, өзгеріс әкелуге тырысты. Қазақ тілін дамытуға арналған Қазақстан Республикасының бірінші педагогикалық оқылымына қатысты. Бүгінде ол дайындаған әдістемелік құрал Оқу-ағарту министрлігінде сақтаулы. Осы жылдары Иляш Еркінқызының жасап жүрген жақсы істерін байқаған болар, сол кездегі ел ағалары мемлекеттік қызметке тартып, Қайыңды ауылының әкімі етіп тағайындады. Өзінің туған ауылының жағдайын жақсы білетін оған ауылдыбасқаруешқиындық тудырмады. Ауылдың жоқ-жітігін түгендеп, мәселесін ушықтырмай шеше білді. Содан болар, ауылдастары оны тағы да екі мәрте ауыл әкімі сайлауында өздеріне басшы ретінде таңдап алды. Жүйелі жұмысымен көзге түскен Иляш Ниязова 2017 жылы аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы қызметіне тағайындалды. Ал 2018 жылы Мұғалжар аудандық білім бөлімінің басшысы қызметін атқарды. 2019 жылдан бері Қандыағаш қаласындағы Мұғалжар гуманитарлық-техникалық колледжінің атқарушы директоры қызметін атқарып келеді. Бүгінде жастармен жұмыс жасап, білікті мамандар даярлап, нәтижелі еңбек етіп келеді. Ол өзінің осы қызметімен бірге қоғамдық жұмыстарға да белсенді араласады. Аудандық мәслихаттың екі шақырылымында да депутат болып сайланып, халықпен байланысты үзбей, елеулі еңбек етіп келеді. –

Қазір қоғам түбегейлі өзгерді деуге болады. Бүгінгі дамуға ілесу үшін үнемі қозғалыста болуымыз шарт. Әрине, бұл үшін моральдық жағынан да көп күш қажет. Депутаттық жұмыс – әлеуметтік жүк, тегін, бұдан бөлек үлкен жауапкершілік. Бәріміз уақыт тапшылығын сылтауратып, халық жағдайына немқұрайлы қарайтын болсақ, балаларымызға қандай үлгі көрсетеміз? Болашағымыз балаларда емес пе? Сондықтан уақыт тауып, бәрін дөңгелетіп отыруымыз керек. Мен депутаттық қызметіммен қатар әкімдік пен «Аманат» партиясының көптеген комиссияларының мүшесімін. Онда да аудандағы түрлі мәселелерді қарастырамыз. Мақсатымыз – халықтың әл-ауқаты мен аудандағы барлық салалардың қарқынды дамуына үлес қосу. Мен өз сайлаушыларыма пайдалы болғымкеледі. Сол себепті осы жолды таңдадым. Ауылдарды көп аралап, сайлаушыларыммен жиі кездесіп отырамын. Мәселелеріне құлақ түріп, жағдайларын сұрап, қажеттіліктерін ескеріп, жергілікті билікке жеткізуге тырысамын. Тіпті жеке телефон нөмірім барлық сайлаушыларда бар десем, артық айтпаймын. Олар үнемі менімен байланыс ұстап отырады, – деді депутат Иляш Еркінқызы.

Депутат әйел Иляш Ниязованың бойынан еркіндік есіп тұрады. Аудандық мәслихат сессияларында да күрмеуі күрделі мәселелерді көтеріп, халықтың әл-ауқатын айтып, жергілікті билікке батыл сауал жолдайды. Ол үнемі қазақ қыздарын оқуға, еркін болуға, кәсіп ашып, қарыштап дамуға шақырады. Біз кейіпкеріміздің бұл мінезін өзінің туған жеріндегі маңғаз Мұғалжар тауының, тулаған Әулие көлінің, көрікті Көшім жылқысының қанға берілген қасиетінен болар деп топшыладық.

Ұқсас ақпараттар

2030 жылға қарай еңбек нарығындағы жастар үлесі 80%-ға жетеді

admin_mugalzhar

САБЫН ӨНДІРУДІ ҚОЛҒА АЛҒАН МҰҒАЛІМ

admin_mugalzhar

ТӨРТ РЕДАКТОРМЕН ҚЫЗМЕТТЕС БОЛДЫМ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.