«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ЖЕМ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ САЙЛАНДЫ

18 мамыр күні өткен Жем қаласының әкімін сайлау қорытындысы жарияланды. Жем қаласы тұрғындарының дауыс беру нәтижесінде Жем қаласының әкімі болып Нұрболат Жоламанұлы Жалғас сайланды.

Жаңадан сайланған округ әкімін қала тұрғындарына аудан әкімі Дархан Ермағанбетов таныстырып, қызметіне сәттілік тіледі.

Нұрболат Жалғас 1991 жылы Қайыңды ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары. С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университетін тәмамдаған. Мемлекеттік қызметте 12 жылдан астам уақыт қызмет атқарып келеді. 2013-2021 жылдары Қайыңды ауылдық округі әкімі аппараттының бас маманы, 2021 жылдан бүгінгі күнге дейін Қайыңды ауылдық округінің әкімі қызметтерін атқарды.

Ұқсас ақпараттар

Қазақстанда Наурыз мейрамы он күн тойлануы мүмкін

admin_mugalzhar

ӨРТ СӨНДІРУШІЛЕР МАРАПАТТАЛДЫ

admin_mugalzhar

АҚЫЛДЫ МЕДИЦИНА: ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ӨМІРІМІЗДІ ҚАЛАЙ САҚТАЙДЫ?

admin_mugalzhar