«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ҚАЙЫҢДЫ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ САЙЛАНДЫ

18 мамыр күні өткен Қайыңды ауылдық округінің әкімін сайлау қорытындысы жарияланды. Ауылдық округ тұрғындарының дауыс беру нәтижесінде Қайыңды ауылдық округінің әкімі болып Жандос Ермекұлы Кулбаев сайланды.

Жаңадан сайланған округ әкімін ауыл тұрғындарына аудан әкімі Дархан Ермағанбетов таныстырып, қызметіне сәттілік тіледі.

Жандос Ермеккұлы 1987 жылы Ембі қаласында дүниеге келген. Білімі жоғары, 2009 жылы Қазақ Гуманитарлық Заң университетін, құқықтану мамандығы бойынша бітірген.

2014-2016 жылдары Егіндібұлақ ауылдық округі әкімдігінің бас маманы, 2016-2018 жылдары Жем қаласы әкімдігінің бөлімше басшысы қызметтерін атқарды.
2018 жылдан бүгінгі күнге дейін Қандыағаш қаласы әкімінің орынбасары қызметінде болды.

Ұқсас ақпараттар

ҚМДБ: Онлайн құрбан шалуға арналған сайт іске қосылды

admin_mugalzhar

Биыл 8 мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды

admin_mugalzhar

В СЕЛЬСКИХ ОКРУГАХ УСТРАНЯЮТ ПОСЛЕДСТВИЯ НЕПОГОДЫ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.