«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ЕСЕП БЕРУ КОНЦЕРТІ ӨТТІ

Жем қалалық мәдениет үйінде Жем қалалық мектептен тыс №3 Аула клубы КММ-нің жылдық қорытынды есеп беру концерті өтті.

Іс-шара аясында мекемеге қарасты 8 үйірме бойынша жыл бойы аудандық, облыстық, республикалық және халықаралық деңгейдегі байқаулар мен турнирлерде үздік нәтиже көрсеткен оқушылар марапатталды.
Сонымен қатар балалардың шығармашылық дамуына қолдау көрсетіп, үйірме жұмысына белсене қатысқан ата-аналарға Алғыс хат табысталды.
Кеш барысында үйірме мүшелері өз өнерлерін ортаға салып, көрерменге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Ал қолөнер үйірмесінің шәкірттері өз қолдарымен жасаған бұйымдарынан арнайы көрме ұйымдастырып, жиналғандардың назарына ұсынды.
Шара балалардың шығармашылық жетістіктерін насихаттауға және олардың бос уақытын мазмұнды өткізуіне бағытталған игі дәстүрдің жалғасы болды.

Ұқсас ақпараттар

Мемлекет басшысы Ресей президентімен кездесті

admin_mugalzhar

Бүгінгі АЭС-тер 400 тонналық реактивті ұшақтың құлауына төтеп бере алады — Эрлан Батырбеков

admin_mugalzhar

ЧЕМПИОН ГҮЛІМ ҮЗДІК СПОРТШЫ АТАНДЫ

admin_mugalzhar