«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

«ҚАУІПСІЗ ЖОЛ» ІС-ШАРАСЫ ӨТКІЗІЛУДЕ

Мұғалжар ауданы көлемінде «Заң және тәртіп» жобасы аясында ағымдағы жылғы 20 мамыр мен 20 маусым аралығында «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Іс-шара барысында «Жолда қабылдау» акциясы өтуде. Оның мақсаты қоғамдық тәртіпті және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша азаматтарға кеңестік және құқықтық көмек көрсетуге бағытталған. Мұғалжар аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері «Ақтөбе – Астрахань» тас жолының бойында жүргізушілерге жол жүрісі ережелерін сақтауын, жол-көлік оқиғасын алдын алу жұмыстары бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізуде.

Жедел профилактикалық іс-шарасының мақсаты – елді-мекендер мен республикалық маңызы бар тас жолдарда жүргізушілердің көлік жүргізу тәртібін арттыру, жол-көлік оқиғаларының санын азайту, сондай-ақ Жол жүрісі қағидаларын бұзудың алдын алу болып табылады.

Ұқсас ақпараттар

ДЕПАРТАМЕНТ БАСШЫСЫ АУДАНДА БОЛДЫ

admin_mugalzhar

Енді мұғалім болып жұмысқа тұру үшін диплом жеткіліксіз

admin_mugalzhar

ЕРТЕҢГІ ӘДЕМІ КҮЛКІ — БҮГІННЕН БАСТАЛАДЫ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.