«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Облыс әкімінің орынбасары Әлия Молдағұловалармен кездесті

Ақтөбе өңірінде Кеңес Одағының батыры Әлия Молдағұлованың 100 жылдық мерейтойына арналған шаралар жалғасуда.

С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасында Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың 100 жылдық мерейтойы аясында тағылымды шара ұйымдастырылды.

Шара аясында облыс әкімінің орынбасары Жолдас Батырхан өңірдегі Әлия Молдағұлова есімді қыз-келіншектер, 2025 жылы дүниеге келген Әлия есімді сәбилер және олардың аналарымен кездесті. Бұл – батыр қыздың есімін ұрпақ жадында сақтау мақсатында ұйымдастырылған игі бастама.

Кездесу барысында қатысушыларға мерейтойлық кәдесыйлар табыс етіліп, батыр бабалар ерлігі туралы тағылымды әңгімелер өрбіді.

Әлия Молдағұлова есімінің ұрпаққа өнеге, ерлік пен отансүйгіштіктің символы ретінде маңыздылығы ерекше атап өтілді.

@emergovkz / t.me / insta / fb / tiktok

Ұқсас ақпараттар

Ақтөбе облысына жаңа прокурор тағайындалды

admin_mugalzhar

МЕКТЕПТЕН МЕКТЕПКЕ АУЫСУ ЖЕҢІЛДЕДІ

admin_mugalzhar

ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ОРТАЛЫҒЫ ТАРАТЫЛЫП, ЕҢБЕК МОБИЛЬДІ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛАДЫ

admin_mugalzhar