«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Ақтөбе облысына жаңа прокурор тағайындалды

Мемлекет басшысының келісімі бойынша Бас Прокурордың бұйрығымен аға әділет кеңесшісі Марат Әбішев Ақтөбе облысының прокуроры болып тағайындалды.

Тағайындалғанға дейін ол Бас прокуратураның Қоғамдық мүдделерді қорғау қызметінің бастығы лауазымын атқарған.

Марат Әбішевтің орталық аппараттың бейінді бөлімшесіне басшылық жасауды және прокуратура органдарының қоғамдық мүдделерді қорғау саласындағы қызметін үйлестіруді қоса алғанда, айтарлықтай жұмыс тәжірибесі бар. Ол ел Президенті қойған міндеттердің орындалуына, соның ішінде ірі инвестициялық жобаларды сүйемелдеуге, пайдаланылмаған жерлерді мемлекетке қайтаруға, азаматтардың еңбек құқықтары мен халықтың әлеуметтік осал топтарын қорғауға жетекшілік етті.

Марат Әбішев 1979 жылы 5 қыркүйекте Қарағандыда дүниеге келген.

Прокуратура органдарындағы қызметін 2000 жылы Қарағанды облысының Жезқазған қаласы прокурорының көмекшісі болып бастаған. Кейін Бас прокуратурада прокурор, содан кейін Азаматтық және әкімшілік істер бойынша сот актілері мен атқарушылық іс жүргізудің заңдылығын қадағалау департаментінің басқарма прокуроры қызметтерін атқарған.

Сондай-ақ, Шығыс Қазақстан облысы Зырян аудандық сотының судьясы болып жұмыс істеген. Әр жылдары Бас прокуратураның Соттарда мемлекет мүддесін қорғау департаментінің аға прокуроры, бөлім басшысы, департамент басшысының орынбасары, Қостанай облысы прокурорының орынбасары және бірінші орынбасары, сондай-ақ Бас Прокурор Аппараты басшысының орынбасары лауазымдарында қызмет етті.

Ұқсас ақпараттар

АБАЙЛАҢЫЗ, АЛАЯҚ!

admin_mugalzhar

БҰЛАҚТЫ АУЫЛЫНА ГАЗ ТАРТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

admin_mugalzhar

Еліміздің жеті өңірінде құрғақшылық басталады

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.