«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Қазақстанда еңбек демалысы қалай есептеледі?

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, кез келген жұмыскердің жыл сайынғы еңбек демалысы кемінде 24 күнтізбелік күн болуы тиіс. Бұл кезеңде қызметкердің жұмыс орны, лауазымы және жалақысы сақталады.

Ал кейбір санаттағы азаматтарға ұзақ мерзімді демалыс қарастырылған:

🔹Педагогтер – «Білім туралы» заңға сәйкес, 56 күн;

🔹Азаматтық қызметшілер – Еңбек кодексі негізінде, 30 күн;

🔹Мемлекеттік қызметшілер – «Мемлекеттік қызмет туралы» заң бойынша, 30 күн;

🔹Ауыр немесе зиянды еңбек жағдайында жұмыс істейтіндер – қосымша кемінде 6 күн;

🔹I және II топтағы мүгедектігі бар адамдар – жыл сайынғы демалысқа кемінде 6 күн қосымша беріледі.

Жұмысыңыздың сипаты мен мәртебеңізге қарай демалыс күндеріңіз әртүрлі болуы мүмкін – өз құқығыңызды біліп жүріңіз!

Ұқсас ақпараттар

​​Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында білім алуға 145 мың грант бөлінді

admin_mugalzhar

АУДАН ӘКІМІ МЕРДІГЕР МЕКЕМЕ БАСШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

admin_mugalzhar

ҚАЛА ӘКІМДЕРІ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС АЛДЫНДА ЕСЕП БЕРДІ

admin_mugalzhar