«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Қытай Қазақстандағы жаңартылатын энергетика жобаларына қызығушылық танытып отыр — министр

KAZINFORM — Соңғы 30 жыл ішінде қытайлық компаниялар Қазақстанның отын-энергетика кешенін дамытуға белсенді қатысып келеді. Қытаймен серіктестік туралы толығырақ Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов айтып берді. 

Қазақстанның Қытай және Орталық Азия елдерімен ынтымақтастығы жаңа кезеңге қадам басып отыр. Қазақстан мен Қытай қарым-қатынасының «алтын отыз жылдығының» басталғанын айтып отырмыз. Осы уақыт ішінде стратегиялық сенім, нақты жобалар мен орнықты өзара іс-қимыл тетігі қалыптасты. Энергетика саласы — өңірлік кооперацияның негізгі бағыты, өнеркәсіпті дамыту, инвестиция тарту және тұрақты өсімді қамтамасыз етудің іргелі элементі, — деді Ерлан Ақкенженов елордада өткен «Қытай — Орталық Азия» іскерлік кеңесінің екінші отырысында.

Министрдің мәлімдеуінше, энергетика саласындағы Қытаймен әріптестік ұзақ мерзімді және өзара тиімді ынтымақтастықтың жарқын үлгісі.

— Соңғы 30 жылдан астам уақыт бойы қытайлық компаниялар Қазақстанның отын-энергетика кешенін дамытуға белсенді қатысып келеді. Қол қойылған үкіметаралық келісімдер аясында жаңартылған энергия көздері саласындағы ауқымды жобаларды жүзеге асыру үшін тұрақты негіз қалыптасқан. Қытайлық серіктестер тарапынан күн және жел энергиясы жобаларын бірлесіп іске асыруға қызығушылық артып отыр. Сонымен қатар жаңартылған энергия көздері мен жасыл энергетика саласына арналған компоненттерді шығаратын индустриялық база дамып келеді. База ішкі нарықты қамтумен қатар, өңірлік экспортқа да бағытталған, — деп толықтырды ведомство басшысы.

Бүгін Астанада өткен «Қытай — Орталық Азия» іскерлік кеңесінің екінші отырысы аясында жалпы құны 17 миллиард АҚШ долларынан асатын 35-тен астам меморандумға қол қойылды.

Бұған дейін хабарлағанымыздай Түркістан облысында қытайлық инвестор тоқыма комбинатын салып жатыр.

Ұқсас ақпараттар

ЖҰРЫН АУЫЛДЫҚ МӘДЕНИЕТ ҮЙІ ЖӨНДЕЛУДЕ

admin_mugalzhar

1991 жылдан бері қанша этникалық қазақ атажұртқа оралғаны белгілі болды

admin_mugalzhar

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауы

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.