Бойжеткен Бисенғалиқызы 1933 жылы Темір ауданында дүниеге келген. Туып-өскен жерде 9-класқа дейін оқып, кейін Ақтөбе қаласындағы Мәдени-ағарту училищесіне оқуға түседі. Оқу бітірген жылы Бойжеткен апаның Ақмола облысына жұмысқа шақырту жолдамасы келеді.
Жалынды жастықтың екпінімен асқақ арманның жетегіне еріп кеткісі келгенімен, атаанасының қимастық сезімін жанарынан сезген жас қыз бұл шешімінен бас тартып, 1957 жылы ұжымы өзінің екінші отбасына айналған баспаханаға жұмысқа орналасады.
-Жұмысқа келген күні баспа машинасын көрдім, өте үлкен екен. Елдегі қиыншылық, аумалы-төкпелі кезеңде, қандай жұмыс болса да істеуге дайын тұғынбыз. Содан маған алпауыт машинаның темір дөңгелегін айналдырасың деді. Өзім талдырмаш келген қыз едім, қолымда әл де жоқ. Сол жұмыста жарты жылдан астам уақыт жүргеннен кейін, редакторымыз Нұрғали Тастанбаев бұл жұмыстан қиналып жүргенімді көргеннен болар, мені газет бөліміне шығарды. Әрі қарай жақсы жұмыс жасап кеттім. Уақыт өте келе жұмыста жемісті бола бастадым. Темірде депутат болып сайланып, орынбасарлық тәрізді беделді жұмыстар да атқардым. Жұмысым еленіп, кейін түрлі марапаттар мен медальдарға ие болдым, — деп біздерге ертегідей естілетін естелікке толы әңгіме-сін бастады.
Жеткен әрбір жетістіктерін мұрадай сақтап, көзінің қарашығындай көретін Бойжеткен апа сенімді түрде барлық марапаттарын мұражайға тапсырған. Әркімнің қолында, не сандықта сарғайып жатқаннан, арнайы орынды жөн көрген екен.
-Жұмысбарысындатүрлі қызықтар да болып тұрады, әрине. Көп адамды жұмысқа үйреттім, оны әрі қарай алып кететіні де бар, жалқаулық танытып кетіп қалатындары да болды. Жұмыс іздеп келген жастарды үйретуде қиындықтар кездеседі. Себебі, бізде ішінде өңкей әріп, үтір, нүкте, барлық тыныс белгілерін қосқанда 99 сандық ағаш ұя болатын. Әрбір әріпті қолмен іздеп табуға көп уақыт кетеді. Әріптерді 10 жолдық темір рамкаға төгіп алмай ақырын апарып салу керек. Бірде, бір газетті шығару үстінде, соңғы бетке дейін дайындап қойдық. Енді жұмыс аяқталды-ау деп, редактор қол қоя бергенде, әлгі бір үйреніп жүрген жас жұмысшы байқаусызда басылуға дайын тұрған бетке сияны төгіп алмасы бар ма! Ол сия төгілге-сін, барлық жұмыс зая кетті деген сөз. Содан бәріміз жабылып жүріп, оны жинап, қайта жасағынымыз бар. Айтайын дегенім, бұл — шыдамдылықты шыңдап, төзімділікті төбегеқойып, сабырлықты сыңар тұтатын жұмыс дер едім. Өйткені, сол оқиға кезінде іштегі жас маман бір айқай болады деп, зәресі қалмағанын, бірақ менің сабырлық танытқаныма тәнті болғанын айтып таң қалған. Жұмыс бабында неше түрліжағдай болады. Тіпті, кейде ренжісіп қалсақ та, оған қарамай татуласып кетеміз. Редакция мен баспахана — егіз ұғым. Өмір бойы баспаханада әріпті қолмен құю мәшинесінде жұмыс жасасам да, газет редакциясынан да іргеміз ажыраған емес. Редакция мақалаберсе, бізсоныорындаушы. Жұмыс барысында қол қара май болады. Үнемі қорғасынменжұмысқолқаға да әсер етеді. Сол себепті денсаулыққа зиян болғандықтан, іште бізге сүт беретін. Деседеменбұлжұмысты басқа жұмысқа айырбастамадым. Терімшілікпен еңбек жолымды бастадым, өндім, өмір көрдім. Бұл жұмысмені өшірмеді — өсірді. Сол үшін ризамын. Осыжерден 1987 жылы зейнетке шықтым, орнымда адам болмаған соң, әрі қарай біраз уақыт жұмысымды жалғастыруға тура келді. Жолдасымнан айырылғаныма тура 27 жыл болды. Қыздарыммен бірге тұрайын десем, «шаңырағыңныңшамын өш-ірмеймін» деп, жолдасыма уәде берген болатынмын. Сол себептен қазір де осы үйде тұрып жатқан жайым бар, — деп сырын шертті Бойжеткен апа.
Әріптес апаның үйіндегі сөреге жиналған жазу машинкалары мен қаламсаптары, өткеннен сыр шерткен сарғайғансуреттер жекеқұжаттары, алғыс хаттары мен грамоталары сияқты жәдігерлер газет тарихынан тамыр тартатыны анық. Әңгімесінің соңында газеттің ардагерлері мен бүгінгі ұжымын мерейтоларымен құттықтаған Бойжеткен Бисенғалиқызы «уақыттың талабынан қалмай, әрқашан биіктен көрініңіздер» деген тілектестігін білдірді.
Айдана НАҒАШЫБАЙҚЫЗЫ