«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Мобильді аударымдарды тексеру: екі айдан кейін жаңа ереже күшіне енеді

Қазақстанда мобильді аударымдарды тексерудің жаңа шарттары 2025 жылдың қыркүйегінен бастап күшіне енеді. Бұл туралы қаржы вице-министрі Ержан Біржанов мәлімдеді.

Ол заң қабылданып, 60 күн ішінде күшіне енеді. Қыркүйекте жұмысын бастайтынын айтты.

Вице-министр үш айда 100 түрлі адамнан ақша аударымдары болуы керек екенін айтты. Егер ақшаны, мысалы, балалар мен ата-аналары аударса, онда сома маңызды емес және тексеріс те болмайды.

«Егер анасы қызына, әкесіне, ағасына ақша аударса – ешқандай сұрақ туындамайды. Тіпті бұл 1-2 миллион теңге болса да, мәселе жоқ. Барлық критерий бір мезетте орындалуы керек, барлық шарт. Бірінші: 100 түрлі адам. Егер екі адам бір-біріне, тіпті 10 адам болса да… Енді сізге жыл сайын ақша аударатын 100 туысқаныңыз жоқ шығар. Онда бұл критерийге сәйкес келмейсіз. Екінші: егер 100 адам үш айда бір адамға ақша аударатын болса. Үшінші: сома 1 миллион теңгеден асқан жағдайда», – деп қосты Біржанов.

Ұқсас ақпараттар

ТОЙ БОЛЫП ЖАТЫР БҰЛ МАҢДА

admin_mugalzhar

271 азаматқа «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау туралы шешім қабылданды

admin_mugalzhar

«АСАР ҮМЕ» ҚОРЫ ҚАНДЫАҒАШТЫҚ БІР ОТБАСЫН ҚУАНТТЫ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.