«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Мұғалімдер енді онлайн аттестаттаудан өтеді

«Ұстаз» ұлттық платформасы жаппай қолданысқа енгізілді. Бүгінде мектепке дейінгі, жалпы орта, арнайы, қосымша, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарынан 640 мыңнан астам педагог жеке кабинет ашып, тіркелген.

Қазірдің өзінде 95 мыңнан астам мұғалім кәсіби деңгейін дәлелдеуде, ал 40 мыңға жуық педагогтың өтініші бойынша шешім шығарылған.

Платформаның басты ерекшелігі – бағалау процесі әділ және ашық жүргізіледі. Деңгей тек комиссия емес, автоматтандырылған жүйе арқылы анықталады.

Мамандардың айтуынша, бұл тәсіл ұстаздарды біліктілігін үнемі арттырып отыруға ынталандырады.

Ұқсас ақпараттар

Терминдер жүйеленіп, қазақ тілі заңдылығына сай жазылған – Талғат Нәрікбаев жаңа Конституцияның ерекшелігін атады

admin_mugalzhar

Бас прокуратура: қылмыс жасады деген күдік бойынша 2,5 мыңнан астам адам іздеуде

admin_mugalzhar

KGIR-2024: ақтөбелік делегация бірқатар инвестормен кездесу өткізді

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.