«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

АЛТЫН МЕДАЛЬ ИЕСІН КҮТІП АЛДЫ

1–6 шілде аралығында Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында бокстан жасөспірімдер арасында өткен халықаралық турнир өз мәресіне жетті.
Дүбірлі додада Қазақстан, Моңғолия, Ресей және Өзбекстаннан келген мықтылар бақ сынасты.
Аталған жарыста ел намысын абыроймен қорғаған Қандыағаш қаласындағы балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушісі Алихан Қартбай 70 келіден жоғары салмақ дәрежесінде жеңімпаз атанып, алтын медаль иеленді. Жас спортшының бұл жеңісі – өзінің үлкен еңбегі мен табандылығының және жаттықтырушысы Абдырахим Алекеновтің біліктілігінің нәтижесі.
Халықаралық жарыста топ жарған жерлесімізді бүгін Қандыағаш теміржол вокзалынан ата-анасы, туған-туыстары, жанкүйерлері және Қандыағаш қалалық мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Талғат Жұманбетов бастаған ұжымы зор қошеметпен қарсы алды.

Ұқсас ақпараттар

СҮЙІКТІ ҰСТАЗЫМДЫ ҚИМАЙ ЖҮРМІН

admin_mugalzhar

2025-2026 оқу жылына арналған оқулықтар сараптамадан өтті

admin_mugalzhar

ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ — ЖАҢА КЕЗЕҢНІҢ БАСТАУЫ

admin_mugalzhar