Өткен жылы елімізде алғаш рет бекітілген Ветеринария қызметкерлерінің күніне орай бүгін аудан орталығында ветеринария саласының мамандарына арналған салтанатты жиын өтті.
Мерекелік шараға аудан әкімі Дархан Ермағанбетов қатысып, сала қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады.
—Құрметті ветеринария саласының қызметкерлері! Ветеринар күні – бұл аса жауапты әрі күрделі мамандықты таңдаған жандарға деген шынайы ризашылықтың белгісі. Сіздердің адал қызметтеріңіздің арқасында саланың абыройы мен қоғамдағы рөлі артып келеді. Баршаңызға мықты денсаулық, еңбекте табыс, отбасыларыңызға амандық тілеймін. Кәсіби мерекелеріңіз құтты болсын, — деді аудан басшысы.
Салтанатты шара барысында ветеринария саласының бірқатар үздік мамандары марапатқа ие болды. Олардың қатарында Мұғалжар аудандық аумақтық инспекция басшысы Дәурен Жақсығали, инспекцияның бас маманы Абат Каналин, ветеринариялық дәрігер Гүлсім Иманғалиева, облыстық ветеринария басқармасының аудан бойынша өкілі Динагүл Нусбек, аудандық ветеринария бөлімінің басшысы Бауыржан Тлеулин, бас есепші Мақсатқали Исабала, Құмсай ауылдық округі ветеринариялық пунктінің меңгерушісі Ардақ Айнабекова, Ембі қаласының ветфельдшері Асия Кульжанова, Құмжарған ауылдық округінің ветеринариялық пункт меңгерушісі Бақытқали Назарқұлов бар.
Марапатталған мамандардың атынан сөз алған аудандық аумақтық инспекция басшысы Дәурен Жақсығали рақметін айтып, өз лебізін білдірді.
—Осы саланың дамуына үлес қосып келе жатқан әріптестерімнің атынан шынайы алғысымды білдіремін. Біз бұл салада жылдар бойы еңбек етіп, біліміміз бен тәжірибемізді жас мамандарға үйретіп келеміз. Осындай елеулі күні еңбегіміздің еленіп, марапатқа ие болу үлкен құрмет, — деді ол.