«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ҚАНДЫАҒАШ ВОКЗАЛЫ ЖӨНДЕЛУДЕ

Ақтөбе облысында жеті теміржол вокзалы жөнделуде. Соның бірі – аудан орталығы Қандыағаш қаласындағы темір жол вокзалы.
Екі қабатты вокзал ғимаратының іш-сырты толықтай жөнделіп, еден, терезе, есіктері алмастыралады. Сонымен бірге сыртқы қасбеті де жаңғыртылып, көлікке арналған тұрақтан бастап, ана мен бала және мүгедектерге арналған бөлмелері жаңа кейіпке ие болады.


Күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге тапсырыс беруші — «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ы. Жөндеу жұмыстарын биылғы жыл аяғында аяқтау жоспарланған.
Қандыағаш вокзалы Батыс өңіріндегі ірі тораптық станция саналады. Теміржол бекеті тәулігіне 23-25-ға жуық пойыз өткізеді. 1998 жылы қолданысқа берілген екінші класты вокзалға 2013 жылы күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген. Бүгінде вокзал бастығы, кезекшілер мен кассирлер, анықтама, диктор, тағы басқа жұмысшыларды қосқанда барлығы 34 адам жолаушыларға қызмет көрсетеді.

Ұқсас ақпараттар

Қазақстандықтар сәуірде қанша күн демалады?

admin_mugalzhar

256,6 мың адам төлем алды

admin_mugalzhar

ҚОШ КЕЛДІҢ, ӘЗ НАУРЫЗ!

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.