«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ ДЕМАЛЫС ПЕН ҚОЛДАУ

Мұғалжар ауданында білім беру саласы қызметкерлерінің жазғы демалысын мазмұнды әрі тиімді өткізуге ерекше көңіл бөлініп келеді. Биылғы жылы аудандық білім беру қызметкерлері кәсіподақ ұйымының бастамасымен ұйымдастырылған бірнеше игі шара соның дәлелі.

Атап айтсақ, биыл 40 жас ұстаз Бурабай өңіріне туристік саяхат жасап қайтты.

Бұл тек жай серуен емес, әріптестер арасындағы байланысты нығайтып, жаңа оқу жылына тың серпінмен оралуды көздейтін рухани демалыс. Мұндай сапарлар – жас мамандардың елге, еңбекке деген сүйіспеншілігін арттырып, ұстаздық жолға деген сенімін бекіте түседі, — дейді Мұғалжар аудандық білімберу қызметкерлері кәсіподағының төрайымы Жұмагүл Жұмабаева.

Табиғаты тамаша Бурабайда өткен бұл сапар барысында ұстаздар аймақтың көрікті жерлерін аралап, табиғат аясында тынығып, түрлі мәденитанымдық шараларға қатысты. Сонымен қатар кәсіподақ ұйымы тарапынан жаз айларында 115 ұстазға еліміздің белгілі шипажайларына — «Мерке-Радон», «Сарыағаш», «Шипагер», «Сосновый бор» сынды емдеу-сауықтыру орындарына жолдама берілді.

Жұмагүл Жұмабаева мұндай қолдаудың мұғалімдердің жыл бойы еңбегін бағалаудың, олардың денсаулығы мен әл-ауқатына көңіл бөлудің айқын көрінісі екенін жеткізді. — Біз үшін ең маңыздысы — ұстаздарымыздың жан-жақты қолдау тауып, демалысын мазмұнды әрі сапалы өткізуі. Бұл олардың кәсіби шыңдалуына, жаңа оқужылында биік нәтижелерге жетуіне де оң әсер етеді. Алдағы уақытта да осындай игі шаралар жалғасын таба береді, — дейді ол.

А.МАНАСБАЕВА

Ұқсас ақпараттар

МЕКТЕП АСХАНАСЫ: ТАЗАЛЫҚ — БАСТЫ НАЗАРДА

admin_mugalzhar

Қар аралас жаңбыр: Синоптиктер алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын айтты

admin_mugalzhar

Мемлекет басшысы Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.